“Конор қайда, Шавкат қайда“: Макгрегор Рахмоновпен жекпе-жек туралы пікір білдірді
Аты аңызға айналған ирландиялық спортшы баспасөз мәслихатында жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен ықтимал кездесуі туралы айтты.
Ирландиялық "Номадтың" жаман файтер емес екенін, бірақ қазіргі уақытта оны қарсылас ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ Макгрегор қазақстандық спортшы чемпион болмайынша, оған ұсынатын ештеңесі жоқ екенін атап өтті.
"Оның ауыр жарақат алып, қазір қалпына келіп жатқанын білемін. Қазір мен ол туралы мүлдем ойламаймын. Оған әлі көп еңбек ету керек. Сосын ол маған не ұсына алады? Бұл жекпе-жекті қарастыруым үшін ол титулды жеңіп алуы қажет. Бірақ ол жаман файтер емес", - деді Макгрегор.
Конор Макгрегордан Макс Холлоуэйді жеңгеннен кейін Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасуды қарастырар ма едіңіз деп сұрады:"Оған әлі көп жұмыс істеу керек. Оның маған ұсынары не? Мен мұны тіпті қарастыруым үшін де, ол алдымен титулды иеленуі тиіс".#UFC329 pic.twitter.com/1u70lm61zT
— Championship Rounds (@ChampRDS)July 9, 2026
Tengri Sport тілшісі қазақстандық файтердің жаттықтырушысы Эдуард Базровқа хабарласты. Ол хайп үшін команда мұндай жекпе-жекке келісуі мүмкін екенін, алайда ирландиялықтың Рахмоновқа қарсы кездесуде еш мүмкіндігі жоқ екенін айтты.
"Бір жылғы үзілістен кейін өткізуге болатын хайп үшін жасалған жекпе-жек. Бірақ, меніңше, Конордың мүмкіндігі жоқ емес, мүлдем жоқ. Ол Шавкатты жеңу үшін не істей алады? Бұл жекпе-жекте бәрі тез аяқталады деп ойлаймын.Ал жекпе-жектің хайпына келетін болсақ, иә, өткізуге болар еді. Шавкаттың жарақатынан кейінгі алғашқы жекпе-жегін Конор сияқты файтермен өткізу бізге қызық болар еді. Мен оны әлсіз демеймін, бірақ Конор қайда, Шавкат қайда", - деді жаттықтырушы Tengri Sport-қа берген сұхбатында.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Eduard Bazrov-тың жазбасы (@eduard_bazrov15)
Базров Макгрегордың келесі жекпе-жегінде оның қарсыласы, жартылай жеңіл салмақтың экс-чемпионы Макс Холлоуэйге жанкүйер болатынын айтты.
"Мен Холлоуэйге тілекші боламын. Бұл жекпе-жекте ол жеңеді деп ойлаймын, өйткені ол осы уақыт бойы белсенді болды. Ал Конор Макгрегор өз істерімен, бизнесімен, демалысымен айналысты. Сондықтан спортта әділдік болса, ол жеңіске жетуі тиіс", - деп толықтырды Базров.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Макс Холлоуэйдің (@blessedmma) жариялауы
Шавкат Рахмонов жаттығуға оралды
Естеріңізге сала кетейік, жеңілмеген қазақстандық тізесіне ота жасатып, қазір оңалтудан өтіп жатыр. Бұған дейін оның командасы әлеуметтік желілерде Шавкаттың UFC-дегі ең үздік сәттерінен үзінді видео жариялаған болатын. Жазбада Рахмоновтың жаттығуға оралғаны айтылған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
DAR PRO TEAM (@darteam.kazakhstan) жарияланымы
Осыдан кейін қазақстандықтың әлеуметтік желісінде оңалту процедураларының бірі түсірілген видео пайда болды. Онда Рахмонов арнайы стендте тізе буындары мен бұлшықеттерінің күшін қалпына келтіруге арналған жаттығу жасап жатыр.
Шавкат Рахмонов тізесін қалпына келтіру жаттығуларын жасауда(арқылы @Rakhmonov1994) https://t.co/YIWsplD6Dy pic.twitter.com/mVyisBjh1Z
— Championship Rounds (@ChampRDS)7 шілде, 2026
Конор Макгрегордың оралуы
Еске сала кетейік, UFC 329 турнирінің басты кездесуінде жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Конор Макгрегор мен UFC-дің жартылай жеңіл дивизионының экс-чемпионы әрі BMF белбеуінің иегері Макс Холлоуэй жұдырықтасады.
Жекпе-жек жартылай орта салмақта және 11 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді деп жоспарланған.
Бұл бәсеке танымал ирландиялықтың тура 5 жылдан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
UFC (@ufc) жарияланымы