Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қызылордада “Конституция - азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы“ тақырыбында облыстық форум өтті

Бүгін "Достық үйінде" облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, басқарма және департамент басшылары, жастар ұйымдары, азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен "Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы" тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті.
Форумда жаңа Конституция аясында азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы әріптестікті нығайту және қоғамдық диалог мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.


"Халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға кеңінен тарту – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратын әрі қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтатын озық тәжірибе. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: "Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет" деп атап өткен болатын. Өңіріміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттік бастамаларды іске асыруға белсенді атсалысып, халықтың мүддесін қорғауға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге нақты үлес қосып келеді", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.


Аймақта мыңға жуық қоғамдық ұйым тіркелген, 2023-2026 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 555 әлеуметтік жоба жүзеге асты. Облыстық, аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 200-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілі бар.
Форумда "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов, "Ақ босаға" әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зейнар Тәжиева, "Ел-Арай" қоғамдық қорының төрағасы Асхат Байдәулетов және "Жас толқын" еріктілер жасағының жетекшісі Әнуар Тоқтамысов баяндама жасап, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Конституцияның жаңа редакциядағы арнайы басылымы табысталды. Өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері облыс әкімінің Алғыс хатымен және арнайы қаржылай сыйақы сертификатымен марапатталды.
Суреттер: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *