Бүкіл әлемде пайдаланушылар Telegram жұмысындағы ақау туралы хабарлады
Пайдаланушылар қысқа сілтемелердің оларды қолданбаға бағыттамай жатқанын жаппай хабарлады. Бұл туралы "Код Дурова" Telegram-арнасы жазды.
Шағымдар 13 шілде күні кешкісін бүкіл әлемнен түсе бастады. Браузерлерде сілтемелер жұмысын тоқтатты. Telegram қолданбасының өзінде барлығы бұрынғыша жүктеліп тұр.
Downdetector сервисінің мәліметтері жаһандық іркілістің кеш батқанда басталғанын айғақтайды, пайдаланушылар мессенджер жұмысындағы ақауларға әлі де шағымданып жатыр.
Мессенджер жұмысындағы іркілістер картасына сүйенсек, қазақстандықтар мессенджер қызметіне қатысты шағым түсірмеген.