Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Канада тауарларына 50 пайыздық баж салығын енгізді

АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 19 тамызынан бастап АҚШ тауарларына қатысты кемсітушілік шектеулерге жауап ретінде Канададан келетін тауарлардың кең тізіміне қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізеді. Бұл туралы Ақ үйдің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Президент Трамп Канаданың америкалық өнімдерге қатысты кемсітушілік көзқарасына жауап ретінде Канаданың белгілі бір тауарларына қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізу туралы үш прокламацияға қол қойды", - делінген мәлімдемеде.


"Осылайша президент Трамп Канаданың америкалық саудаға деген кемсітушілік көзқарасынан туындаған америкалық сауда үшін ауыртпалық пен кемшіліктердің орнын толтырады және маңызды америкалық экспорттық тауарлар - автомобильдер, алкоголь және сүт өнімдері үшін бәсекелестік жағдайларын теңестіреді", - деп атап өтті Ақ үй.

Шектеулер 300-ге жуық тауар позициясын қамтиды, оның ішінде смартфондар, радарлар, байланыс станциялары, цемент, пластмасса мен қаптамалар, тоқыма мен киім-кешек, сондай-ақ жиһаз бен спорттық құрал-жабдықтар, соның ішінде конькилер мен хоккей таяқшалары бар. Сондай-ақ айыппұл баждарына канадалық бал, тірі өсімдіктер, қағаз және өнер бұйымдары да ілікті.
Сондай-ақ Канадада өндірілген алкоголь өнімдері мен сүт өнімдерінің кең тізіміне қатысты жоғарылатылған баж салығы енгізілді.
Жаңа баж салығы энергия тасымалдаушыларға, калий тыңайтқыштарына, балыққа және аса маңызды минералдарға қолданылмайды.
13 шілдеде Трамп Канада билігін орман алқаптарындағы қоқысты тазалаудан бас тартты деп айыптады, бұл оның айтуынша, АҚШ-тағы ауаның ластануына әкеледі және Канаданы тарифтерді көтеру арқылы осы "немқұрайлылықтың" орнын толтыруға мәжбүрлеймін деп ескертті.
Қаңтар айының соңында Трамп Канадаға, егер ол Қытаймен сауда келісімін жасаса, АҚШ-қа әкелінетін барлық канадалық тауарларға 100 пайыздық баж салығы салынатынын айтып, сес көрсетті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *