Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ Иран аумағына жаңа соққылар жасады

АҚШ әскерилері Иранға қарсы соққылардың жаңа толқынын бастады. Бұл туралы 20 шілдеде АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгін АҚШ-тың шығыс уақытымен сағат 16:00-де Бас қолбасшының нұсқауымен Иранға қарсы соққылардың жаңа сериясы басталды", - делінген жарияланымда.

CENTCOM соққылардың мақсаты – Ормуз бұғазындағы сауда кемелеріне шабуыл жасау үшін пайдаланылатын Иранның әскери мүмкіндіктерін одан әрі әлсірету екенін атап өтті.

Бүгін шығыс уақытымен сағат 16:00-де АҚШ күштері Бас қолбасшының нұсқауымен Иранға қарсы жаңа соққылар циклін бастады. Бұл соққылар Иранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуыл жасауға қолданылатын әскери әлеуетін одан әрі төмендетуге бағытталған.
— АҚШ Орталық қолбасшылығы (@CENTCOM) 20 шілде, 2026 жыл
Ирандық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, АҚШ армиясы тарапынан Бендер-Аббас, Сирик, Чабахар, Конарак, Исфахан, Шираз сияқты бірқатар қалалар, сондай-ақ Ормуз бұғазындағы Кешм аралы шабуылға ұшырады.
Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Ленге портты қаласында екі жарылыс дауысы естілді, Маркази провинциясындағы Хомейн округінде өнеркәсіптік нысанға шабуыл жасалған. Бушердегі АЭС ауданында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ираннан әрбір өлтірілген америкалық сарбаз үшін еселеп кек алатынын мәлімдеп, тиісті директиваны АҚШ-тың жоғарғы әскери қолбасшылығына беріп қойғанын айтты.

"Иран америкалық сарбазды өлтірген сайын, сол кісі өлімі үшін бірнеше есе артық құн төлейтін болады! Бұл директива Қорғаныс министрі Пит Хегсетке, Штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Дэниел Кейнге және әрбір әскери жетекшіге берілді", - деп жазды Трамп.

Сенбі күні CENTCOM Иорданияда ирандық зымырандар мен дрондарға тойтарыс беру кезінде екі америкалық әскери қызметшінің қаза тапқанын хабарлады. Екі сарбаз да зымыранға қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің құрамында болған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *