Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ ректоры ұсталды

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі ұстау фактісін растады, алайда себебі мен мән-жайы әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғары оқу орны ректорының ұсталғаны туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желіде тараған болатын. Тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны туралы Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан хабарлады.
Оның айтуынша, Серғалиев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ оның жұмыс кабинеті мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізілгені айтылды.
Сонымен қатар ұстау шарасын ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары жүргізгені хабарланды.
Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметіне хабарласты. Онда ЖОО ректоры ұсталғаны туралы ақпаратты растады, бірақ оқиғаның егжей-тегжейі әзірге ашылған жоқ.

"Қазіргі уақытта министрлікке ұстау себебі, сондай-ақ таратылған ақпаратта айтылған мән-жайлар белгісіз. Тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізуге қатысты мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Ресми сауал түскен жағдайда, министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті көмек көрсетеді", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Tengrinews.kz пікір алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне хабарласты.
Анықтама: Серғалиев Нұрлан Хамитұлы 1969 жылы 24 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында дүниеге келген. К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын "Агрономия" мамандығы бойынша бітіріп, агроэколог біліктілігін алған. Биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. 1998 жылдан бастап жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Еңбек жолын Батыс Қазақстан аграрлық университетінде бастап, аға оқытушыдан ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға дейінгі жолдан өткен. 2014–2017 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры қызметін атқарды. Серғалиев 150-ден астам ғылыми жарияланым мен бес патенттің авторы. 2015 жылы Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды өсіруді дамыту саласындағы зерттеулері үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ қоғамдық қызметпен де айналысқан – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болды, бейінді мемлекеттік комиссиялар жұмысына қатысты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *