Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Уақыт келді“: Жәнібек Әлімханұлы неге әлемдік титулдан бас тартты?

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жоғары салмақ дәрежесіне ауысты. Боксшының менеджері Берік Сұлтан Tengri Sport басылымына берген сұхбатында бұл шешімнің себебін түсіндіріп, қазақстандық спортшы үшін мансабында жаңа қадам жасайтын уақыт келгенін мәлімдеді.
Жәнібектің орта салмақтан екінші орта салмаққа ауысатыны туралы WBO басшысы Густаво Оливьери хабарлады.
Қазақстандық боксшы басқа салмақ дәрежесінде өнер көрсету үшін осы ұйымның чемпионы лауазымынан бас тартуға мәжбүр болды.

"Егер біздің мансабымызды мұқият бақылап жүрсеңіздер, Жәнібектің әрқашан үш немесе төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болғысы келетінін жанкүйерлердің бәрі біледі. Ол мұны мансабының басында айтқан болатын, бұл жай ғана арман емес - бұл біздің мақсатымыз.Біз орта салмақта чемпион болдық, онда екі титулды жеңіп алдық, төртеуін де иеленуге тырыстық, бірақ сәті түспеді. Енді арманымызды орындап, екі салмақ дәрежесінде чемпион атануды ұйғардық. Кейін, мүмкіндік болса - үш және төрт салмақта. Уақыт келді!" - деді Берік Сұлтан Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Менеджердің айтуынша, бұл шешім Жәнібектің америкалық промоутерлерімен бірлесіп қабылданған және орта салмақта айтулы қарсыластардың қалмауымен тікелей байланысты.

"Бізде орта салмақта екі титул болды, бірақ, өкінішке қарай, танымал қарсыластар кездеспеді. Олар не орта салмақта қалмады, не Жәнібекпен жұдырықтасқысы келмеді. Енді екінші орта салмақта көптеген мықты есімдер, танымал боксшылар бар. Онда Канело да, Калеб Плант та, Эдгар Берланга да, Шираз да бар, Хайме Мунгия да осы салмақта. Біз үшін атақты боксшылармен жекпе-жекке шығу - басымдық. Қазір осының бәрін ұйымдастыруға тырысамыз", - деді менеджер.

Әлімханұлы жаңа салмақта бірден титулдық жекпе-жекке шыға ала ма?
Қазіргі уақытта Жәнібектің екінші орта салмаққа ауысу егжей-тегжейлері пысықталып жатыр, бірақ менеджердің сөзінше, қазақстандыққа жаңа белбеу үшін жекпе-жекті ұзақ күтудің қажеті болмауы мүмкін.

"WBO-ға келетін болсақ, нақты мәліметтерді жариялай алмаймын, бірақ егер сен орта салмақта чемпион болып, жаңа салмаққа ауыссаң, міндетті түрде чемпиондық титулға үміткер атанасың. Бұл - жақсы нұсқа. Біз бәрін басынан бастамаймыз. WBO Жәнібекті міндетті үміткер ретінде тағайындауы мүмкін деп ойлаймын. Қазірше олардан жаңалық күтіп отырмыз, барлық хаттар жіберілді, адвокаттар жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті Берік Сұлтан.

Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы - британдық Хамза Шираз.
Жәнібек Әлімханұлы - бокстан қос дүркін әлем чемпионы
Еске сала кетейік, қазақстандықтың қанынан допинг табылуына байланысты мансабындағы үзіліске дейін Жәнібек кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен болатын. 12 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, Әлімханұлы әлемдегі ең қауіпті орта салмақ боксшыларының біріне айналды.
2018 жылдың қазан айынан бастап Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы болды: алдымен Дигнамды нокаутқа түсіріп, уақытша белбеуді иеленді, кейін ресми чемпион мәртебесін алды.
2024 жылдың қазан айында Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтьериді жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
2025 жылдың соңында қазақстандық боксшы үш дүркін чемпион атануы мүмкін еді, бірақ кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жегі өтпей қалды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы


"Канелоны көздеп отыр": Әлімханұлы белбеуден бас тартып, салмағын ауыстырды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *