Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

UFC-дегі ең үздік қазақстандық басқа лигада жекпе-жек өткізеді: не белгілі?

Қазақстанның үздік UFC файтері Асу Алмабаев RAF күрес лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Джонни Диджулиус болмақ. Олардың кездесуі 22 тамызда Кливлендте өтеді.
Америкалық спортшы - күрестен өз штатының үш дүркін чемпионы, оның аралас жекпе-жекте тәжірибесі жоқ. RAF лигасында ол 1 рет жеңіске жетіп, 2 мәрте жеңілген.
Асуға келетін болсақ, келісімшартқа 9 мамырда қол қойылғанына қарамастан, ол күрес промоушенінде алғаш рет бағын сынайды.

"Асу RAF-пен төрт жекпе-жекке келісімшарт жасасты. Алғашқы белдесуге кезінде өте мықты болған еркін күрес шеберін ұсынды", - деді Алмабаевтың жаттықтырушысы Эдуард Базров тілшімізге берген сұхбатында.

- Бұл Асуға не үшін қажет? Мұндай өнер көрсетулер оның UFC-дегі мансабына кедергі келтірмей ме?

"Жоқ, неге кедергі болуы керек? Керісінше, өнер көрсетіп, өзін таныту қажет. RAF лигасы да қазір қарқынды дамып келе жатқан ұйым, мұнда медиа танымалдылықты арттырып, еркін күрес ережесі бойынша тәжірибе жинақтауға болады.Бұл Асудың мансабына қандай да бір зиян тигізеді деп есептемеймін. Өнер көрсетіп, табыс тауып, медиа деңгейді көтеру керек. Оның үстіне белдесу АҚШ-та өтеді, ол жақта күресіп, өзін жаңа қырынан көрсету - өте жақсы мүмкіндік", - деді маман.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Real American Freestyle (@rafwrestlingusa) жарияланымы


RAF (Real American Freestyle) лигасы - 2025 жылы құрылған америкалық кәсіби ұйым. Оның негізгі мақсаты - еркін күресті насихаттау.
Бұл лигада еркін күрес жұлдыздары, мысалы, әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан, сондай-ақ MMA жұлдыздары өнер көрсетеді.
UFC рейтингінің көшбасшыларының бірі Арман Царукян RAF аясында қазақстандық Қуат Хамитовты 11:0 есебімен тас-талқан етті, бірақ кейін чемпиондық титулға бұрынғы үміткер Колби Ковингтоннан жеңіліп қалды.
Енді RAF-та Шавкат Рахмоновтың салмағындағы UFC-дің экс-чемпионы Белал Мухаммад пен Колби Ковингтон кездеседі.
Асу Алмабаев - қазақстандық MMA көшбасшысы
Еске салсақ, 32 жастағы файтер - ел намысын UFC-дің үздік 15 спортшысының қатарында қорғап жүрген жалғыз өкіл. Соңғы жекпе-жегінде Асу Чарльз Джонсонды сирек әдіспен мерзімінен бұрын жеңіп, ЖИ рейтингінде 5-орынға, ал медиа-рейтингте 7-орынға көтерілді.
Қазақстандықтың промоушендегі келесі жекпе-жегі туралы әзірге хабарланған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *