Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өмірінің 14,5 пайызы аурумен өтеді. 30 жылда адамдардың денсаулығы қалай өзгерді?

Дүниежүзі бойынша адамдардың өмір сүру ұзақтығы бұрын соңғы болмаған деңгейде артты, алайда қосымша жылдар көбіне созылмалы аурулармен және мүгедектікпен күресумен өтіп жатыр. The Lancet Public Health журналында жарияланған Global Burden of Disease (GBD) жобасы жаңа зерттеуінің авторлары осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі.
Адамдар ұзақ өмір сүргенімен, денсаулығы жоқ
Зерттеушілер 1990–2023 жылдар аралығындағы мәліметтерге талдау жасап, өмір сүру ұзақтығының жалпы ұлғаюы адамның сырқаттанбай өткізетін жылдарының дәл сондай қарқынмен өсуіне әкелмейтінін анықтады.
Егер 1990 жылы әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 64,6 жас болса, 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 73,8 жасқа дейін өсті. Бұл ретте салауатты өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы небәрі 55,9-дан 63,1 жасқа дейін артты.
Нәтижесінде адамдар созылмалы диагноздармен, мүгедектікпен және басқа да денсаулық мәселелерімен айтарлықтай көп уақыт өткізе бастады.
Бір буын аралығында сырқаттанушылық көрсеткіштеріндегі жаһандық алшақтық екі жылға жуық уақытқа ұзарды: 1990 жылғы 8,8 жылдан 2023 жылы 10,7 жылға дейін.
2023 жылғы мәліметке сәйкес, планета тұрғындары орташа есеппен өмірінің шамамен 14,5 пайызын денсаулығының нашар күйінде өткізген.
Зерттеу авторлары бұл үрдіс қарттарға ғана қатысты емес екенін атап өтті. Адамды есейген шағында-ақ мазалай бастайтын аурулар саны артып келеді.

"Біздегі нәтиже халық денсаулығын болашақта жақсарту өмір сүру ұзақтығын арттыру арқылы ғана емес, өмір сүру сапасын жақсарту арқылы жүзеге асатынын көрсетеді", - деді Вашингтон университеті Медицина мектебі жанындағы Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (IHME) директоры, доктор Кристофер Мюррей.

Оның айтуынша, салауатты қартаюдағы жетістіктер тек өмір сүрген жылдар санымен емес, адамның қанша уақыт бойы дені сау болатынымен бағалануы тиіс.
Қай елдерде адамдар өмірінің көп бөлігін аурумен өткізеді?
Зерттеу көрсеткендей, бұл екі көрсеткіш арасындағы үлкен алшақтық табысы жоғары елдерде байқалады.
2023 жылы АҚШ көш бастады, онда адамдар орташа есеппен 14 жылға жуық уақытын денсаулығындағы шектеулермен өткізеді. Одан кейін Австралия - 13,9 жыл және Канада - 13,7 жыл.
Авторлар мұны бұл елдерде азаматтардың айтарлықтай ұзақ өмір сүретінімен, бірақ олардың қосымша жылдары жиі ауыр диагноздармен қатар жүретінімен түсіндіреді.
Тұтастай алғанда, әлемнің барлық аймағында 1990 жылдан 2023 жылға дейін денсаулығы нашар күйде өткізген жылдар саны да, олардың жалпы өмір сүру ұзақтығындағы үлесі де артты.
Әйелдер ұзақ өмір сүргенімен, жиі ауырады
Сондай-ақ зерттеушілер тұрақты заңдылықты анықтады: әйелдер барлық елде дерлік ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүреді, бірақ аурулармен және денсаулық шектеулерімен көбірек уақыт өткізеді.
2023 жылы әйелдерде өмір сүру ұзақтығы мен салауатты өмір сүру ұзақтығы арасындағы орташа айырмашылық 12,1 жылға жетсе, ерлерде бұл көрсеткіш 9,3 жыл болды.
IHME аға ғылыми қызметкері Кэтрин Бизиньяно жағдайды аурулардың алдын алу және ұзақ мерзімді күтім жүйесін дамыту арқылы ғана жақсартуға болады деп санайды:

"Салауатты қартаю жағдайын жақсарту үшін мүгедектікпен өткізетін жылдарға әкелетін жағдайлар мен қауіп факторларына көбірек көңіл бөлу қажет. Бұл мәселелерді алдын алу және ұзақ мерзімді күтімді жақсарту арқылы ерте шешу айтарлықтай әлеуметтік, медициналық және экономикалық нәтижелер беруі мүмкін.

Өмір сапасын көбіне қандай аурулар нашарлатады?
Зерттеу авторлары денсаулығы нашар күйде өткізілген жылдарға тірек-қимыл аппараты аурулары, ең алдымен белдегі ауырсыну үлкен үлес қосатынын анықтады.
Одан кейін депрессия мен мазасыздық сияқты психологиялық бұзылулар, жасқа байланысты есту қабілетінің төмендеуі, құлау мен басқа да жарақаттар салдары, сондай-ақ созылмалы жұқпалы емес аурулар тұр.
Бұл ретте аурумен өткізілген жылдар алдын алуға немесе бақылауға болатын қауіп факторларымен байланысты, деп санайды ғалымдар.
Бұған дейін Қазақстандағы әрбір екінші тұрғын артық салмақтан немесе семіздіктен зардап шегетінін жазған болатынбыз.
Материал ақпараттық сипатта және The Lancet Public Health журналында жарияланған GBD зерттеуі мәліметтеріне негізделген. Бұл медициналық ұсыныс емес - диагностика мен емделу үшін дәрігерге жүгіну қажет.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *