Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жылдамдықпен басталған жаңа күн: activ “Өрмекші адам: Жаңа күн“ фильмінің Қазақстандағы премьерасының серіктесі атанды

"Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмінің тұсаукесері қарсаңында activ бренді Sony Pictures компаниясымен Қазақстандағы серіктестігі туралы жариялады. Бірлескен науқан кино әлемі мен заманауи технологияларды әр адамға жақын идея төңірегінде тоғыстырады: жаңа күн жаңа мүмкіндіктерден басталады, ал жылдамдық сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашады.
Науқанның негізіне жылдамдық идеясы алынды. Бұл қасиет суперқаһарман үшін де, күнделікті өмірдегі миллиондаған адам үшін де маңызды рөл атқарады. Бүгінде жылдамдық дегеніміз әсерді лезде бөлісу, әрдайым байланыста болу, бейнеконтентті кідіріссіз көру, сондай-ақ еліміздің кез келген нүктесінен жұмыс істеу, білім алу және еркін қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.
Мұндай серіктестіктің орнауы кездейсоқ емес. Тәуелсіз Ookla зерттеуінің деректеріне сәйкес, Kcell Қазақстандағы ең жылдам мобильді желі ретінде танылды. Ookla-ның 2026 жылдың бірінші және екінші тоқсандары бойынша зерттеуінде компанияның Speed Score көрсеткіші 72,35 балл жинап, елдегі мобильді байланыс операторлары арасында үздік нәтиже көрсетті. Бұл сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы рекордтық көрсеткіш болды.
Зерттеу негізіне Қазақстан бойынша 124 463 пайдаланушы жүргізген 1 396 593 тест нәтижесі алынды. Бұл деректер мобильді интернетті пайдаланудың нақты тәжірибесін көрсетеді. Сондықтан жылдамдық activ пен Sony Pictures арасындағы бірлескен науқанның басты байланыстырушы факторына айналды.

"Жаңа күн – әрдайым жаңа бастамаларға ашылатын мүмкіндік. Біз бүгінгі өмірде жылдамдықтың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көрсететін науқан жасағымыз келді. Сондықтан Sony Pictures компаниясымен серіктестік біз үшін орынды қадам болды", – деді Дәурен Шахин, Кселл АҚ стратегиялық даму және талдау жөніндегі бас директоры.

Өрмекші адам туралы франшиза жиырма жылдан астам уақыт бойы әлемдік кинематографиядағы ең табысты жобалардың бірі болып келеді. Оның әрбір жаңа бөлімі миллиондаған көрерменнің назарын өзіне аударады. Жаңа фильм өмірінің келесі кезеңіне қадам басқан, тың сынақтарға тап болып, жауапкершілік пен алға ұмтылысты таңдаған кейіпкердің оқиғасын жалғастырады.
activ пен Sony Pictures серіктестігінің негізінде жылдамдықтың тек суперқаһармандар әлемінде ғана емес, күнделікті өмірде де мәні зор деген идея жатыр. Осылайша, activ пен Sony Pictures серіктестігі "Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмінің Қазақстандағы премьерасының ажырамас бөлігі болып, заманауи технологиялар мен жылдың ең көп күткен кино оқиғаларының бірін тоғыстырады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *