Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Головкин тағы бір халықаралық лауазымға кандидат атанды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Азия және Еуропа бойынша вице-президенті лауазымына кандидаттардың ресми тізіміне енді, деп хабарлайды Tengri Sport.
ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оның кандидатурасы біліктілік пен этикалық талаптарға сәйкестігін тексерудің тиісті процедураларынан өтті.
Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан ұсынылып, ISSA Атқарушы комитетіне 2026–2029 жылдар аралығына сайлану үшін кандидат ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA-ға мүше барлық ҰОК-терге жолданды.
Сайлау 2026 жылғы 12 қыркүйекте Таиф қаласында (Сауд Арабиясы) өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында өтеді.
Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Ұлттық Олимпиада комитеттерін біріктіреді. ISSA аясындағы басты спорттық іс-шаралардың бірі – Ислам ынтымақтастығы ойындары.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба


Анықтама үшін айта кетсек, Ислам ынтымақтастығы ойындарының негізі сексенінші жылдардың ортасында Сауд Арабиясында Ислам ынтымақтастығы спорт федерациясы құрылған кезде қаланған. Дегенмен, алғашқы жарыс тек 2005 жылы Сауд Арабиясында өтті. Бұрын оған тек ерлер қатысса, жыл өткен сайын формат кеңейіп, қазір Ойындарға әйелдер мен параспортшылар да қатыса алады.
Геннадий Головкин – қазақстандық боксшы, 2003 жылғы әлем чемпионы және 2004 жылы Афинада өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ол 72 келіге дейінгі орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.
Қазіргі уақытта ол Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, сондай-ақ World Boxing халықаралық федерациясын басқарады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *