Жаңбыр мен аптап: 12 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 12 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, күн күркірейді, қатты жел соғады деп болжанады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ыстық сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақмола облысы. Түнде және таңертең облыстың шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, кей жерлерде екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Түнде +8…+13 градус, облыстың шығысында +16-ға дейін, күндіз ауа температурасы +24…+29 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы облысы. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +21…+26 градус, тауларда +11…+16 болады, күндіз облыс бойынша +33…+38 градус ыстық, солтүстігінде +41-ге дейін, ал таулы аудандарда +20…+25 градус болады.
Жетісу облысы. Күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, Алакөл ауданында екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +16…+21 градус, облыстың шығысында +25-ке дейін, тауларда +11 шамасында болады. Күндіз +34…+39 градус ыстық, облыстың солтүстігі мен шығысында +41 градусқа дейін көтеріледі.
Түркістан облысы. Таулы аудандарда күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан соғып, секундына 8–13 метрге, батыста, солтүстікте және таулы аудандарда кей жерлерде екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +22…+27 градус, таулы аудандарда +16 градус шамасында болады. Күндіз +38…+43 градус ыстық, тауларда +34 градус шамасында болады.
Батыс Қазақстан облысы. Жауын-шашын болмайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +14…+19 градус, облыстың батысы мен оңтүстігінде +22 градус. Күндіз +30…+35 градус ыстық болады.
Атырау облысы. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7–12 метр. Түнде ауа температурасы +20…+25 градус, облыстың солтүстігінде +17 градус шамасында. Күндіз +31…+36 градус ыстық болады.
Маңғыстау облысы. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжанады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде ауа температурасы +23…+28 градус, күндіз +31…+36 градус, ал облыстың оңтүстігінде +40 градусқа дейін ыстық болады.
Ақтөбе облысы. Күндіз облыстың батысы мен орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ және дауыл болады. Ауа температурасы күндіз +27…+32 градус, оңтүстігі мен батысында +35 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанай облысы. Жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан және батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +8…+13 градус, облыстың оңтүстігінде +18 градус болады. Күндіз ауа температурасы +25…+30 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысы. Түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +10…+15 градус, күндіз +24…+29 градус болады.
Павлодар облысы. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжанады. Жел солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +16…+21 градус, күндіз +27…+32 градус болады.
Қарағанды облысы. Түнде және таңертең оңтүстікте және шығыста кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында кей жерлерде екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +15…+20 градус, облыстың оңтүстігінде +23 градус. Күндіз +26…+31 градус, облыстың оңтүстігінде +34…+39 градусқа дейін ыстық болады.
Ұлытау облысы. Жауын-шашын болмайды. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында кей жерлерде екпіні 15–20 метрге, түнде кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +17…+22 градус, күндіз +32…+37 градус ыстық, облыстың солтүстігінде +29 градус шамасында болады.
Шығыс Қазақстан облысы. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 метрге, кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +18…+23 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында +13 градус. Күндіз +34…+39 градус ыстық, солтүстігі мен шығысында +29 градус шамасында болады.
Абай облысы. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 метрге, кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +14…+19 градус, облыстың оңтүстігінде +24 градус. Күндіз +33…+38 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде +41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.
Қызылорда облысы. Жауын-шашын болмайды. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғып, секундына 9–14 метр, облыстың орталығында және шығысында екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +22…+27 градус, күндіз +38…+43 градус ыстық, облыстың солтүстігінде +35 градус шамасында болады.
Жамбыл облысы. Күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге, таулы аймақтарда екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +22…+27 градус, таулы аудандарда +15 градус. Күндіз +37…+42 градус ыстық, таулы аудандарда +34 градус шамасында болады.
Тағы оқыңыз: Қайтадан аптап: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?