Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қуып жетіп, соққыға жыққан: Алматыда резонанс тудырған видеодағы жүргізуші ұсталды

Алматыда жол үстіндегі жанжалдан кейін өзге жүргізушіні соққыға жыққан жол талғамайтын көлік иесі ұсталды. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін оқиға Сейфуллин даңғылындағы Forum СОО маңында болғаны хабарланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, қара түсті жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, көлік ағынына қосылмақ болған, алайда басты жолмен келе жатқан өзге жүргізуші оған жол бермеген.
Осыдан кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісі қарсыласының машинасын қуып жетіп, оны тоқтауға мәжбүрлеген. Екі көлік те тоқтаған кезде ер адамдар арасында жанжал шыққан. Жарияланған кадрлардан жол талғамайтын көлік жүргізушісі өзіне жақындаған ер адамды ұрғанын көруге болады.
Соққыдан ер адам асфальтқа құлап, есінен танып, денесі құрысып қалған. Өтіп бара жатқан адамдар көмекке ұмтылған, ал шабуыл жасаған адам дәрігерлер келгенше кетіп қалған. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігінде есін жиған.
Полиция не деді?
Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды", - делінген хабарламада.














Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)


Полиция жолдағы даулы жағдайлар тек заң аясында шешілуі тиіс екенін ескертеді. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *