Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құрылтай сайлауы: 107 учаске таңғы сағат 6-да жұмысын бастайды

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 107 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7-де емес, 6-да бастайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК мәліметі бойынша, 23 тамызда Қазақстанда барлығы 10 423 учаске жұмыс істейді. Оның ішінде 107 сайлау учаскесі жұмысын 06:00-де бастайды. Осы уақыттан бастап аталған учаскелерге тіркелген қазақстандықтар сайлауда өз дауыстарын бере алады.

Таңғы 6-да ашылатын сайлау учаскелері әскери бөлімдерде, стационарлық емдеу мекемелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарында және вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдарда, уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде орналасқан. Мұндай учаскелерде тізімге енгізілген барлық азамат дауыс беріп болса, дауыс берудің аяқталғанын кез келген уақытта жариялауға болады.

Қалған сайлау учаскелері 23 тамызда 07:00-де ашылып, өз жұмысын 20:00-де аяқтайды.

Сайлауға қанша байқаушы аккредиттелді?

ОСК мүшесі Мұхтар Ерманның мәліметінше, бүгінде Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына 656 байқаушыны аккредиттеді.

Тек бүгіннің өзінде ОСК 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйым атынан тағы 405 халықаралық байқаушыны аккредиттеуден өткізді.

Құрылтай-2026 сайлауы

Алдағы сайлау Қазақстанда 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және 2026 жылғы конституциялық референдумда қабылданған жаңа Конституция сәйкес құрылған Құрылтайдың алғашқы сайлауы болмақ. Бүгінде Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды.

“Көңіл күй жақсы“. Қазақстан Парламенті қалай тарих қойнауына енді?

Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай болады.

Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді. Оның құрамына 5 жылдық мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді. Олар парламент төрағасы мен оның үш орынбасарын өздері сайлайды.

Құрылтай жасақталғаннан кейін қазіргі үкімет отставкаға кетеді.

Бұған дейін бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беруге арналған бюллетень қандай болатыны белгілі болды.

Сондай-ақ қазақстандықтарға Құрылтай депутаттарын сайлау күні толтырылған бюллетень суретін жариялауға тыйым салынатыны ескертілді. Бұл ережені бұзғаны үшін 130 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Сайлау алдындағы науқанның қай кезеңдері артта қалғаны және 23 тамызға дейін сайлаушыларды не күтіп тұрғаны туралы мына материалдан оқыңыз.

Тағы оқыңыз: Құрылтай сайлауы: дауыс беретін учаскеңізді қалай табуға болады?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *