Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Криштиану Роналду мен “Ақтөбе“ ойыншысы әкесі қайтыс болған Мессиге қолдау білдірді

Португалиялық футболшылар Криштиану Роналду мен қазіргі таңда "Ақтөбе" сапында өнер көрсетіп жүрген Луиш Нани аргентиналық Лионель Мессиге әкесі Хорхе қайтыс болғаннан кейін қолдау білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport Аргентина құрамасы капитанының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
39 жастағы аргентиналық әкесімен арақатынасы туралы әсерлі жазба жариялады, бұл жазбаға миллионнан астам көңіл айту пікірі жазылды.
Лионель Мессидің қайғысына ортақтасқандар арасында оның басты бәсекелестерінің бірі Криштиану Роналду да болды.

"Осындай қиын кезеңде саған және жақындарыңа қайрат тілеймін, Лео. Мықты бол", - деп жазды Роналду Мессидің жазбасының астына.

Айта кетейік, жақында Криштиану Роналдудың өмірінде ең бақытты әрі ұзақ күткен оқиғалардың бірі болды. Ол модель Джорджина Родригеске үйленді.
Қазақстанда да Мессиге қолдау білдірді
Сондай-ақ Хорхе Мессидің қазасына Роналдудың құрамадағы бұрынғы серіктесі Луиш Нани де үн қатты.

"Саған және отбасыңа қажыр-қайрат тілеймін, Лео", - деп жазды қазақстандық клубтың ойыншысы.

Фото: instagram.com/leomessi/
Месси әкесінің қазасынан кейін алаңға оралды
Еске сала кетейік, Хорхе Месси 8 тамызда ұзаққа созылған аурудан кейін 69 жасында дүниеден өтті. Аргентиналық футболшы онымен қоштасу үшін АҚШ-тан Аргентинаға бірден ұшып кеткен болатын.
Қазіргі футбол аңызының әкесінің өлімі бүкіл әлемді біріктірді - аргентиналыққа "Реал" мен "Барселона" клубтары, сондай-ақ жүздеген футболшы қолдау білдірді.
БАҚ беттерінде Мессидің қазіргі командасы "Интер Майами" шабуылшыға ес жию үшін шектеусіз уақыт беруге дайын екені жазылған болатын, алайда ол бүгін футболға оралды. Дегенмен, аргентиналықтың алаңға шығуы "Интер Майамиді" топтық кезеңнен кейін Лигалар кубогінен шығып қалудан құтқара алмады.
“Қалай өмір сүрерімді білмеймін“: Месси әкесі қайтыс болғаннан кейін алғаш рет алаңға шықты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *