Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыдағы блэкаут: тұрғындарға сумен қамтуда іркілістер болуы мүмкін екені ескертілді

Алматыда электр энергиясының жаппай өшуіне байланысты қала тұрғындары сумен қамтудағы іркілістерге тап болуы мүмкін. Бұл туралы "Алматы Су" МКК ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Коммуналдық кәсіпорынның түсіндіруінше, тұрғын үйлерге су беру насос станцияларының жұмысына тікелей байланысты, ал оларға тұрақты электр қуаты қажет. Жарық болмаған жағдайда жабдықтар штаттық режимде жұмыс істей алмайды.
Насостардың тоқтап қалуына байланысты алматылықтардың үйлерінде мынадай жағдайлар байқалуы мүмкін:

су қысымының төмендеуі;
жоғарғы қабаттарда судың уақытша болмауы;
жекелеген үйлер мен тұтас шағын аудандарды сумен қамтудағы іркілістер.

"Алматы Су" өкілдері су беру процесі жарық қосылған бойда бірден қалпына келмейтінін атап өтті.

"Электр қуаты берілгеннен кейін насос станциялары іске қосылып, су беру біртіндеп қалпына келтіріледі. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деді компания өкілдері қала тұрғындарына жасаған үндеуінде.

Жарыққа қатысты не белгілі?
Алматы қаласы мен Алматы облысында 14 тамыз күні сағат 15:00 шамасында жарық өше бастады. Қаланың түрлі аудандарының тұрғындары электр қуатының жоқтығын хабарлады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, KEGOC компаниясына тиесілі 500 кВ кернеулі әуе электр желілерінде апат болған. Соның салдарынан Алматы мен облыстағы тұтынушылардың бір бөлігі уақытша жарықсыз қалды.
Апат салдарынан жалпы қуаты 300 МВт болатын жүктеме ажыратылды.
Алматы облысында Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында жарық өшіп қалды.
Мамандар қазірдің өзінде электр қуатын қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр.
Алматы қаласында жарықтың өшуіне байланысты кейбір бағдаршамдар істен шығып, байланыс нашарлады және бірден кептелістер пайда болды. Қиылыстарға жол қозғалысын реттеу үшін полиция қызмметкерлері шықты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *