Алматының бірнеше ауданында жарық өшті
Алматының бірнеше ауданының тұрғындары электр энергиясының өшкені туралы хабарлады. Бұған "KEGOC" АҚ-на тиесілі 500 кВ әуе электр беру желілерінің апатты жағдайда ажыратылуы себеп болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мәліметінше, 14 тамызда сағат 14:38-де Л-5400, Л-5300 және Л-5320 желілерінің апатты ажыратылуы салдарынан компания желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылған.
Нәтижесінде Алматы мен Алматы облысындағы тұтынушылар жарықсыз қалды. Ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт болды.
Алматының қай жерлерінде жарық өшті?
Алматыда электр энергиясы төрт ауданда ажыратылды:
Бостандық;
Наурызбай;Әуезов;
Алатау.
Осылайша, жарықтың өшуі қаланың түрлі бөлігін қамтыды.
Алматы облысында тұтынушылар келесі аудандарда жарықтан ажыратылды:
Жамбыл ауданы;
Балқаш ауданы;
Есік өңірі;Қарасай ауданы;
Шелек өңірі;
Райымбек ауданы;Ұйғыр ауданы;Іле ауданы;
Кеген ауданы;
Талғар ауданы.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.
Тағы оқыңыз: Алматы облысының кейбір аудандары жарықсыз қалуы мүмкін. Мекенжайыңызды тексеріп көріңіз