Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық маман әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасының жаттықтырушысы болды

Әлемдік рейтингтің бұрынғы көшбасшысы және US Open жеңімпазы, ресейлік Даниил Медведев алдағы турнирлерде оның жаңа бапкері қазақстандық Андрей Голубев болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport "Больше!" YouTube арнасына сілтеме жасап.
2024 жылы мансабын аяқтаған бұрынғы қазақстандық теннисші Медведевтің Цинциннатидегі алдағы Мастерс және US Open турнирлеріне арналған командасына қосылды.

"Біз байқап көреміз, яғни оны жаңа бапкер деп айтуға болады, бірақ қазір жоспарымызда Цинциннати мен US Open бар. Оның немен аяқталатынын көреміз. Әрине, бұл мен үшін жаңа шытырман оқиға.Әзірге онымен жұмыс істеу маған қатты ұнайды. Ол керемет адам, бұл да әрқашан маңызды. Бірақ, әрине, біртіндеп корттағы жұмыс барысында бір-бірімізді тани түсеміз. Мұның бәрі көптеген жағдайларға байланысты болады", - деді Медведев.

Қазіргі уақытта Медведев әлемдік рейтингте 7-орында тұр. 11 шілдеде теннисші бапкер Томас Юханссонмен бірлескен жұмысын тоқтатқан болатын.
Андрей Голубев - Қазақстанның ең атақты теннисшілерінің бірі
Еске сала кетейік, Голубев - Гамбургтегі ATP турнирінің жеңімпазы, жұптық сында бірнеше ATP титулының иегері, Australian Open және Roland Garros финалисі, сондай-ақ Дэвис кубогында Қазақстан құрамасының көпжылдық көшбасшысы.
Сонымен қатар, Андрей 2014 жылғы Азиадада ел қоржынына алтын салып, Токиодағы (Жапония) 2020 жылғы Олимпиадаға қатысты.
Голубевтің ATP жекелей рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші - 33-орын. Ол өз мансабын 37 жасында туған жанкүйерлерінің алдында аяқтады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: Кәсіби бағдар 14+ | Жеке бренд | ТАМПА ???????? (@mika.unica)


Біздің сауалымызға Қазақстан теннис федерациясы шетелде жұмыс істей бастағанына қарамастан, Голубевтің азаматтығын ауыстырмағанын және қазақстандық болып қала беретінін растады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: Кәсіби бағдар 14+ | Жеке бренд | ТАМПА ???????? (@mika.unica)


Маусым айының ортасында ол Қарағандыда жас теннисшілерге арналған шеберлік сағатын өткізген болатын.

Бұған дейін қазақстандық Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің финалында польшалық Ига Швёнтекке жол берген еді.
Жеңіліске қарамастан, ол Канададан 500 мың доллардан астам қаражат алып қайтады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *