Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Полиция Алматыдағы блэкаут кезінде жол қозғалысын реттегендерге қатысты пікір білдірді

Алматыдағы жарықтың жаппай өшуінен бағдаршамдардың бір бөлігін істен шығып, қала көшелеріндегі қозғалыс айтарлықтай қиындады. 14 тамызда кейбір қиылыстарда қала тұрғындары жолға шығып, қозғалысты реттеу арқылы жүргізушілерге көмектеспек болды. Алматы полициясы мұндай қадамға бармауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жанашыр алматылықтардың бағдаршамы істен шыққан қиылыстарда қозғалысты реттеген сәттері түсірілген кадрлар пайда болды.

Алматы полиция департаменті жол қозғалысын реттеу арнайы дайындықты, дағдыларды және жолдағы жағдайды түсінуді талап ететінін атап өтті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы


Полицейлердің айтуынша, көлік ағынын басқару әрекеттері, керісінше, жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және реттеушілердің өзіне қосымша қауіп төндіруі мүмкін.
Көлік қозғалысы тығыз кезде дұрыс берілмеген белгінің өзі қауіпті жағдайға әкеп соғуы ықтимал. Сондықтан полиция қала тұрғындарын қозғалысты реттеу үшін жолдың жүру бөлігіне шықпауға шақырды.

"Полиция бағдаршамдар істен шыққан жағдайда бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды және Жол қозғалысы ережелерін сақтауды ұсынады", - деп хабарлады Алматы полициясы.

Көптеген жүргізушіні орынды сұрақ мазалады: бұл уақытта Sergek жүйесінің камералары жұмыс істеп тұрды ма және электр қуаты өшкен кезде жасалған ережебұзушылықтар үшін айыппұл келе ме? Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін Tengrinews.kz-ке компания өкілдері айтып берді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Алматыдағы блэкауттан кейін Sergek-тен айыппұлдар келе ме: компания жауабы
Еске сала кетейік, 14 тамызда түстен кейін Алматының әртүрлі аудан тұрғындары электр энергиясы өшкені туралы хабарлай бастады. Бұған "KEGOC" АҚ-на тиесілі 500 кВ әуе электр жеткізу желілерінің апатты жағдайда ажыратылуы себеп болған. Кейін электр қуаты Алматы, Түркістан, Жетісу облыстарында, тіпті Орталық Азияның басқа елдерінде: Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда жоқ екені белгілі болды.
Сағат 18.00 шамасында Энергетика министрлігі "KEGOC" АҚ желісі бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгенін хабарлады. Жағдай бақылауда.
Алматы блэкауттан кейін қалпына келіп жатыр: қалада жарық беріле бастады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *