Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Apple камерасы бар AirPods туралы жаңа мәліметтерді байқаусызда жариялап қойды

AirPods құлаққабы айналаны "көре" бастауы мүмкін. macOS-тың жаңа нұсқасынан табылған видеоролик осындай мүмкіндіктің бар екенін аңғартады, деп хабарлайды Tengri Life MacRumors-қа сілтеме жасап.
Видеода не көрсетілді?
Инсайдерлер видеоны macOS Tahoe 26.7 нұсқасының алдын ала көрсетілімінен тапқан. Онда ер адам AirPods-тағы камера кітаптың атауын тануы үшін оны қолында ұстап тұр. Кадр сыртындағы дауыс визуалды интеллект функциясы қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді:

"Визуалды интеллектінің арқасында айналадағы көріністі сақтап қоюға болады. Өзіңізге ұнаған нәрсені көрдіңіз бе? Оны кейінге сақтап қоюымды сұрасаңыз болғаны", - дейді видеодағы ЖИ-ассистентінің дауысы.



Міне, Visual Intelligence функциясын пайдаланатын камерасы бар AirPods-тың алғашқы көрінісі.Бұл видеофайл macOS 26.7 RC жүйесінен алынды pic.twitter.com/yo7RI4MCeu
— Aaron (@aaronp613) 18 тамыз, 2026 жыл
Жаңа AirPods қалай жұмыс істейді?
Инсайдерлердің мәліметінше, AirPods камерасы суретті визуалды интеллект жүйесіне жібереді. Пайдаланушы Siri-дің көмегімен айналадағы нәрселер туралы сұрақтар қойып, алынған ақпаратты сақтай алады.
macOS Tahoe 26.7 жүйесінде функцияны баптау бойынша нұсқаулық та табылды. Онда құлаққаптың ашық тұруы керек екені айтылған. Мысалы, камераны шаш жауып қалса, пайдаланушыға push-хабарлама келеді.

"Айналаңыз туралы ең дәл ақпарат алу үшін AirPods камерасын шаш жауып қалмағанына көз жеткізіңіз", - делінген нұсқаулықта.

Жаңа өнім жақында таныстырылуы мүмкін
Бұған дейін мұндай құлаққаптар әзірленіп жатқаны туралы Bloomberg сарапшысы Марк Гурман жазған болатын. Оның айтуынша, кіріктірілген камерасы бар AirPods-тың кодтық атауы - B790.
Оның болжамы бойынша, жаңа құрылғы қыркүйекте өтетін Apple презентациясында таныстырылуы мүмкін. Сондай-ақ онда iPhone 18 Pro, iPhone 18 Pro Max және жиналмалы iPhone Ultra көрсетіледі деп күтіледі.
Еске сала кетейік, Apple құлаққаптарындағы камера туралы осыдан бір жыл бұрын сарапшы Минг-Чи Куо да айтқан еді. Ол кезде әңгіме инфрақызыл камералар туралы болған. Оның айтуынша, олардың көмегімен пайдаланушылар кеңістікте бағдар алып, қозғалыс бағытын анықтай алады, ал камера жинаған деректер компьютерлік көру технологиялары арқылы басқа құрылғыларға берілуі мүмкін.
Айта кетейік, жақында Apple iPhone, iPad және Mac тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертті. Тим Кук өз сөзінде құрылғыларға сұраныс компания күткеннен жоғары болғанын, ал жад бағасының өсуі алдағы айларда Apple шығынын одан әрі арттыруы мүмкін екенін растады.
Тағы оқыңыз: Смартфондар мен ноутбуктер күрт қымбаттауы мүмкін: себебі аталды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *