Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

250 қазақстандық жазаланды: ІІМ түнгі отшашу әуесқойларына ескерту жасады

Көпқабатты үйлердің ауласында отшашу ұйымдастыру көршілердің наразылығын тудырып қана қоймай, жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі пиротехникаға қатысты ереже бұзғаны үшін қанша қазақстандық жазаланғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

251 адам жауапкершілікке тартылды

ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың жеті айында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және айналымына қатысты ережелерді бұзғаны үшін 251 адам жауапқа тартылған.

Оның ішінде 237 адам елдімекендерде пиротехника қолданғаны үшін жазаланды. Тағы 14 адам оны сақтау, пайдалану, тасымалдау және сату ережелерін бұзған.

Мұндай жағдайлардың басым бөлігі ірі қалаларда тіркелді. Астанада 74 адам, Алматыда 58 адам жауапкершілікке тартылды.

Ауладағы отшашу мәселеге айналуы мүмкін

Полиция өкілдері елдімекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға белгіленген талаптар сақталған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертті. Бұл ретте заңнамада мереке күндері ешқандай ерекшелік қарастырылмаған. Яғни, мереке болу фактісі ережені сақтау міндетінен босатпайды.

ІІМ қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлуге кеңес береді. Сертификатталмаған пиротехниканы қолдану және ережелерді бұзу жарақат пен өртке әкеп соғуы мүмкін.

Түнгі отшашулар көршілердің мазасын алуы ықтимал

ІІМ тыныштықты сақтау мәселесін де атап өтті. Жыл басынан бері Қазақстан бойынша тыныштықты бұзуға қатысты 79 мыңнан астам дерек анықталды. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін 78 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды.

Полиция мерекелік шаралар кезінде айналадағы адамдардың мүддесін ескеруге, тек сертификатталған пиротехника сатып алуға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Мерекелік отшашу жарақат алуға, өртке немесе өзге адамдардың тыныштығын бұзуға себеп болмауы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары тұрғын үй кешендері ауласындағы түнгі отшашуларға шағымданғаны туралы хабарланған болатын. Полиция құқықбұзушыларды отшашу аяқталғаннан кейін де, соның ішінде әлеуметтік желілердегі жарияланымдар арқылы анықтауға болатынын атап өтті. Елдімекендерде пиротехника қолданғаны үшін 30 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған, ал жеке тұлғалар үшін тыныштықты бұзғаны үшін – 5 АЕК. Ережелер, айыппұлдар және полицияның тәртіп бұзғандарды қалай табатыны туралы толығырақ мына материалдан оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *