Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Бәрі бірдей байқамады“: балериналар алматылықтарды ерекше әрекетімен таңғалдырды

Көз алдыңызға елестетіп көріңізші: жұмыстан үйге асығып бара жатырсыз, ал метро бекетінде балериналар билей бастайды. Алматыдағы "Абай" бекетінде дәл осындай оқиға болды. Жолаушылардың бірі ерекше қойылымды видеоға түсіріп жатса, енді бірі нені өткізіп алғанын байқамаған да сияқты, деп хабарлайды Tengri Life.
Неден басталды?
Перформанс бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тез тарап, 1,5 миллионнан астам қаралым жинады. Желі қолданушылары пікірлерде бидің өзін ғана емес, айналадағы адамдардың реакциясын да қызу талқылады.

"Артқы фондағы ер адам үшін уайымдап отырмын - түсіріп үлгермеді-ау", "Бәрінен бұрын артқы пландағы бәрін өткізіп алған жігітке жаным ашыды. Басын көтергенде не болғанын түсінбей де қалды", "Керемет көрініс! Бұған тек шетелдіктер таңғалып жатқаны өкінішті. Жергілікті жұрттың басында тек жұмыс пен шаршау, айналасындағы сұлулықты байқамайды да - ешкім тоқтап, көз қырын да салмады", - деп жазды пікір қалдырушылар.













Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by RIZA TAGANOVA | ballet artist???? (@rizataganova)


Кейбір қолданушылар бұл жағдайдан таныс көріністі байқады: адамдардың өз тіршілігімен асығып жүріп, дәл алдындағы қызықты сәттерді байқамай қалатыны өмірде жиі кездеседі.
Бұл қойылымды скрипкашы Джошуа Беллдің танымал экспериментімен де салыстырды. 2007 жылы музыкант жолаушылардың жанды музыка үшін тоқтайтын-тоқтамайтынын тексеру мақсатында Вашингтон метросында өнер көрсеткен болатын. Көпшілік өнерге мән берместен, өз жолдарын жалғастыра берген.
Перформансты кім ұйымдастырды?
Перформанстың ұйымдастырушысы - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Риза Тағанова. Ол балетпен айналысып жүргеніне 20 жылға жуықтаған: алдымен Шымкентте білім алып, кейін Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін тәмамдаған.
Ризаның айтуынша, метро бекетінде өнер көрсету идеясы блогына жаңа формат іздеп жүргенде туындаған. Шамамен бір жыл бұрын балерина декреттік демалыстан кейін театрға оралып, көрермендерге әртістердің сахна сыртындағы өмірін жиірек көрсетуді жөн көрген.

"Метрода билеу идеясы маған бірден ұнады. Музыканы түсірілімге 20 минут қалғанда таңдадық, ал хореографияны дәл сол жерде ойлап таптым", - деді ол.

Түсірілім кешкі уақытта, жолаушылар ағыны көп кезде жүргізілді.

"Түсірілімді кешкісін, қарбалас уақытта жасадық. Жолаушылар негізінен жақсы қабылдады: бірі жай өтіп кетсе, енді бірі танып, телефонға түсіріп жатты. Меніңше, көбі жұмыстан үйге асыққандықтан, бізге назар аударуға мұршалары болмады", - деп бөлісті Риза.

Метродағы перформанстан кейін Риза жаңа түсірілімдерді жоспарлап, келесі қойылымдарға қызықты орындар іздестіріп жатыр.
Театрдағы жұмысты, блог жүргізуді және екі жасар қызын тәрбиелеуді қатар алып жүру оңай емес, бірақ балерина тоқтап қалмақ емес. Ол балетті театр сахнасынан тыс жерлерде - көрермендер кәсіби әртістерді көреміз деп мүлде күтпеген орындарда көрсетуді жалғастырғысы келеді.
Оның айтуынша, мұндай эксперименттер балетке назар аудартуға және өнермен қауышу үшін міндетті түрде билет сатып алып, театрға бару шарт емес екенін көрсетуге көмектеседі.
Айта кетейік, Қазақстанда ыңғайсыз тақырыптарда әзілдеуден қорықпайтын инклюзивті стендап пайда болды.
Тағы оқыңыз: “Жылап, қосылып шырқады“: Астанадағы такси жолаушысының эмоцияға толы видеосы желіде тарады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *