Құрылтай сайлауы – шетелде қанша қазақстандық дауыс берді?
Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Құрылтай депутаттарын сайлауға байланысты шетелдегі дауыс беру учаскелерінің ашылғаны туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, Қазақстанның 61 елдегі шетелдік мекемелері маңынан 79 сайлау учаскесі құрылған. Шетелде барлығы 11 402 дауыс беруші тіркелген.
"Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 учаске жұмысын бастады. Алғашқы болып Токио мен Сеулдегі азаматтарымыз дауыс беруге кірісті. Қазір дауыс берген Қазақстан азаматтарының саны 228 адамға жетті", – деді Исетов.
Бұған дейін Құрылтай сайлауында алғашқы болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтардың дауыс бергені туралы жазған болатынбыз. Токиода бір студент дауыс беруге қазақ биінің шапанын киіп келді.
23 тамыз – сайлау күні
Бүгін елде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру күні 18 жасқа толған барлық Қазақстан азаматтарының дауыс беру құқығы бар.
Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін дауыстарды санау басталады. Одан соң Орталық сайлау комиссиясы арнайы отырыста сайлау қорытындысын шығарады. Нәтижелер хаттамамен рәсімделіп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.
Заңға сәйкес, сайлаудың түпкілікті қорытындысы дауыс беру күнінен кейін жеті күннен кешіктірілмей, яғни 2026 жылғы 30 тамызға дейін жариялануға тиіс.