Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Geely 93 мыңға жуық автокөлікті кері қайтарып жатыр

Geely компаниясы Қытайда лидарлардың ықтимал ақауына байланысты 93 мыңға жуық автокөлікті кері қайтарып жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі CarNewsChina мәліметіне сілтеме жасап.

Қытайдың Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы автокөліктерді кері қайтару туралы 21 тамызда жариялады. Бұл шара 2025 жылдың 8 қаңтары мен 12 желтоқсаны аралығында шығарылған 74 037 Lynk & Co автокөлігіне қатысты.

Фото: carnewschina.com

Бұл жерде Lynk & Co 900, Lynk & Co 10 EM P, Lynk & Co 07 және Lynk & Co 08 модельдері туралы сөз болып отыр.

Мәселе кейбір лидар блоктарының ішіндегі қуат беру микросхемасына байланысты. Өндірістік ақау салдарынан ол зақымдалуы мүмкін, бұл кей жағдайларда нысандарды дұрыс танымауға және жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің қате жұмыс істеуіне әкеп соқтырады.

Geely компаниясы ақауы бар лидар блоктары тегін ауыстырып беретілетінін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, компания тағы 18 878 Geely Galaxy M9 автокөлігін кері қайтарып жатыр. Осылайша, кері қайтару науқанына іліккен көліктердің жалпы саны шамамен 93 мың болады.

Көлік иелері бұл мәселе туралы маусымнан бастап хабарлай бастаған. Автокөліктерде алдыңғы лидардың ақауы туралы ескертулер пайда болып, содан кейін жүргізушіге көмекші кейбір функциялар істен шыққан.

Кейбір жағдайларда иелері дилерлерге жүгінгенімен, бастапқыда бұл ақауды, атап айтқанда, алдыңғы әйнектің ластануымен байланыстырған.

Tengri Auto бұл науқан Қазақстан нарығындағы Lynk & Co және Geely Galaxy автокөліктеріне қатысты ма деген сауалмен ресми дилерлерге жүгінді. Алайда ақпарат жарияланған сәтте оларда мұндай мәлімет болған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *