Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр және алғашқы үсік: Алматыда күз қандай болады?

Алматыда күз климаттық норма шегінде болады деп болжанады. Синоптиктер қыркүйек, қазан және қарашада ауа райы қандай болатынын және жаңбыр қашан жауатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК Алматы мен Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Кесебаевтың айтуынша, күздің үш айында ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.
Алматыда күзде ауа райы қандай болады?
Қыркүйекте орташа температура нормадағы +18 градустың орнына +17,5 градус деңгейінде болады деп болжанады. Қазанда +10,6 градус күтіледі, бұл климаттық нормаға сәйкес келеді. Қарашада шамамен +2,9 градус жылы болады.
Алматыда қоңыр күз кезеңі де болуы мүмкін. Күзде жылы, құрғақ және ашық ауа райының жекелеген кезеңдері байқалады. Алайда нақты қашан басталып, қанша уақытқа созылатынын алдын ала анықтау әзірге мүмкін емес.
Болжам бойынша, жауын-шашын мөлшері де нормаға жақын болады: қыркүйекте 28 миллиметр, қазанда 50 миллиметр және қарашада 55 миллиметр.

"Қыркүйекте негізінен өткінші жаңбыр жауады деп болжанады. Бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің басы мен аяғында, сондай-ақ айдың үшінші онкүндігінің басы мен ағында жауу ықтималдығы жоғары", - деп толықтырды ол.

Бұл ретте синоптик маусымдық және айлық болжамдар әр күнге арналған нақты ауа райын көрсетпейтінін атап өтті.

"Маусымдық және айлық болжамдар – ықтималдық және консультативтік сипатта болады. Олар жалпы температуралық фонды, болжамды жауын-шашын мөлшерін, сондай-ақ онкүндіктер бойынша ауа райы шамасын көрсетеді. Күн жақындаған сайын болжам нақтылана түседі", - деп түсіндірді Кесебаев.

Сондай-ақ ол жауын-шашынға қатысты "норма" нені білдіретінін айтып берді.

""Норма" деген тұжырым ай ішіндегі жауын-шашынның жалпы мөлшеріне қатысты. Бұл жаңбыр біркелкі немесе аз болады дегенді білдірмейді. Олар алмасып келуі мүмкін: ұзақ уақыт құрғақ болып, артынша нөсер жаууы ықтимал", - деп атап өтті маман.

Белгілі бір күндегі нөсердің ықтималдығы қысқа мерзімді және апталық болжамдар арқылы анықталады.
Алғашқы үсік
Кесебаевтың айтуынша, Алматының тау бөктеріндегі аудандарында қыркүйектің үшінші онкүндігінде топырақ бетінде алғашқы үсік жүруі мүмкін. Бұл ретте түнде ауа температурасы әлі де оң мәнде, яғни +1...+6 градус шамасында сақталады. Тауда суық ертерек түседі: онда -6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, ал қыркүйектің екінші онкүндігінің аяғында жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал.
Алматыда алғашқы қардың нақты қашан жауатынын синоптиктер әзірге болжап отырған жоқ. Күзде жауған қардың соңы жаңбырға ұласса да, бұл әлі тұрақты қар жамылғысының пайда болатынын білдірмейді.
2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылғы қыркүйекке арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Жалпы алғанда, күздің алғашқы айы климаттық норма шамасында болады деп болжанады, алайда кейбір өңірлерде әдеттегіден жылы немесе жауын-шашынды болады. Сондай-ақ бірқатар облыста үсік жүруі мүмкін. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда күн күрт суытады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *