Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жеке сот орындаушылары ойын шоттарына 180 миллион теңге аударған: жаңа деректер

Алматы облысында букмекерлік кеңселердегі шоттарын ондаған миллион теңгеге толтырған жеке сот орындаушыларына қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы прокуратура таратқан ақпаратқа нақтылау қажет екенін мәлімдеді.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, 20 жеке сот орындаушысы ойын шоттарын толтыра отырып, "құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқан". Операциялардың жалпы сомасы шамамен 180 миллион теңге болды, оның ішінде қаржының басым бөлігін бір адам ғана аударған.
Палата шоттар толтырылғанын жоққа шығармайды, бірақ прокурорлық қадағалау актісінде бұл қаражаттың барлығы ұтылғаны немесе жұмсалғаны туралы нақты дерек жоқ екенін айтады. Сондай-ақ палата өкілдері бұл ақша қайдан келгені әлі анықталмағанын, қаражаттың шығу төркіні қосымша тексеру барысында белгілі болатынын жеткізді.
139 миллион теңгені кім аударған?
Палата жалпы соманың едәуір бөлігі - 139 миллион теңге бір адамға тиесілі екеніне ерекше назар аударды. Мәлімдемеге сәйкес, ол ақша аударған кезде әлі жеке сот орындаушысы болмаған.

"Жарияланымдарда көрсетілген соманың қомақты бөлігі Қ.Ж.-ға тиесілі. Ұсыныста 2023 жылдың 21 наурызы мен 2024 жылдың 1 наурызы аралығында ол ойын шотын 139 миллион теңгеге толтырып, 46 миллион теңге сомасында қаражат шығарғаны айтылған. Бұл ретте аталған операциялар жасалған кезде Қ.Ж. жеке сот орындаушысы болған емес: ол ЖСО қызметімен айналысу лицензиясын тек 2025 жылы алып, кәсіби қызметіне 2026 жылдың 6 наурызында кіріскен", - деп хабарлады Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы.

Палата прокуратура хабарламасында аталған әрбір тұлға бойынша жеке тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілік туралы шешім қабылданатынын атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *