Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңа адамдар мен таныс есімдер: Құрылтайдың алғашқы құрамы қандай болды?

Қазақстан Парламенті айтарлықтай жаңарды. Бұл ретте жаңа Құрылтайдың 145 депутатының арасында Мәжіліс пен Сенаттың экс-депутаттары да бар. Жаңарған Парламентке кімдер қайта оралды және қанша жаңа депутат мандат алды – Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Партия фракциялары қаншалықты жаңарды?
Жаңа Парламенттегі 145 депутаттың 111-і – жаңа есімдер. Бұл бұрынғы депутаттық корпустың бестен бірі сақталғанын білдіреді. Дәлірек айтқанда – шамамен 23 пайыз.
Бұған дейінгі шақырылымдарда жұмыс істегендердің ішінде 34 адам мандат алды. Соның ішінде кейінгі VIII шақырылымнан 30-ға жуық депутат ауысты.
Жағдайды партиялар бойынша талдап көрейік.
"Әділет"
Жаңа "Әділет" партиясы бірден 110 мандатқа ие болды. Оның депутаттарының бестен біріне жуығының парламенттік тәжірибесі бар. 20 депутат бұған дейін VIII шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенатта жұмыс істеген.
Мәжілістен Құрылтайға өткендер: Константин Авершин, Асхат Аймағамбетов, Марат Башимов, Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев, Максим Рожин, Татьяна Савельева, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Екатерина Смышляева, Үнзила Шапақ, Арман Қалықов, Жарқынбек Амантайұлы, Тілекес Адамбеков, Юлия Кучинская, Никита Шаталов.
Төрт депутат сенатор болған – олар Евгений Больгерт, Нұрлан Бекназаров, Марат Қожаев және Ольга Перепечина.
Қалғандары – өткен шақырылымдардағы жұмысынан кейін Парламентке өзіндік "камбэк" жасаған депутаттар. Олардың арасында Айжан Сқақова, Нұрлан Дулатбеков және Динара Зәкиева бар.
Құрылтайға "Әділет" партиясынан өткендердің толық тізімін мына жерден оқыңыз.
"Ауыл"
10 мандатқа ие болған "Ауыл" партиясының құрамы 90 пайызға жаңарды. Он депутаттың тек біреуі ғана – Серік Егізбаев бұрын Мәжіліс депутаты болған. Партияның толық құрамы – мына жерде.
Respublica
9 мандатқа ие болған Respublica партиясында бес депутат өз орнын сақтап қалды. Партиялық тізімге Айдарбек Қожаназаров, Олжас Құспеков, Динара Наумова, Екатерина Смолякова және Нұргүл Тау кірді. Олардың барлығы Мәжіліс депутаты болған. Осылайша, фракция құрамы 44 пайызға жаңарды. Партияның толық тізімі – мына жерде.
"Ақ жол"
"Ақ жол" демократиялық партиясы 8 мандатқа ие болды, бұл ретте Мәжілістің екі депутаты өз орнын сақтап қалды – Дания Еспаева мен Олжас Нұралдинов. Осылайша, Парламенттегі фракция құрамы 75 пайызға жаңарды. Партияның толық құрамы – мына жерде.
ЖСДП
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 8 мандат алды. Мәжіліс таратылғаннан кейін үш депутат – Асхат Рахымжанов, Ажар Сағандықова және Наурыз Сайлаубай өз орындарын сақтап қалды. Осылайша, құрам 62,5 пайызға жаңарды. Партия депутаттарының толық тізімі мына жерде.
Жаңа Парламентте қанша әйел бар?
Жаңа Құрылтайда 49 әйел болады. Бұл жалпы құрамның 33 пайызы. Демек, шамамен әрбір үшінші депутаттық орын әйел адамға тиесілі.
Салыстырмалы түрде: VIII шақырылымдағы Мәжілісте 18 әйел немесе шамамен 18 пайыз жұмыс істеген. Сенатта 10 әйел сенатор болды - құрамның шамамен 20,4 пайызы.

"Әділет" партиясының құрамында 37 әйел бар, бұл олардың депутаттарының жалпы санының 33,6 пайызы.
"Ауыл" партиясында – 4 әйел немесе 10 адамның 40 пайызы.
Respublica партиясында – 3 әйел немесе 9 депутаттың 33,3 пайызы.
ЖСДП партиясында – 2 әйел немесе 8 депутаттың 25 пайызы.
"Ақ жол" партиясында – 2 әйел немесе 8 депутаттың 25 пайызы.

Құрылтай депутаттарының жасы
Құрылтайдағы ең жас (27 жас) және ең ересек (65 жас) депутаттың жас айырмашылығы 38 жас.
Жалпы алғанда, Құрылтай депутаттарының тізімінде жастар 12,4 пайыз (18 адам). Олардың 13-і "Әділет" партиясының тізімімен өтті. Тағы 5 адам қалған фракциялардың өкілі.
Анықтама: Қазақстанда 14 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ресми түрде жастарға жатады. Яғни, заң бойынша 36 жасқа толмаған азамат жас болып есептеледі.
Қазақстанда жаңа Парламент
1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция қолданысқа енді. Ол қабылданғаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттық өкілеттіктері де доғарылды. Екіпалаталы Парламенттің орнына бірпалаталы Құрылтай келді. Оның құрамына бес жылға сайланатын 145 депутат кіреді.
23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтті. Бұл 1991 жылдан бері елімізде өткен оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы науқан болды. Дауыс берудің 25 тамыздағы жағдай бойынша қорытынды нәтижелерін мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *