Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құрылтай депутаттары ант беріп жатыр

Жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына адал болуға ант беруге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғашқы болып "Әділет" партиясынан депутат Константин Авершин ант берді."Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген депутаттың мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін" - делінген ант мәтінінде.
Жұма күні, 28 тамызда Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашты.
Тағы оқыңыз: "Қазіргі заман құр уәденің уақыты емес": Тоқаев Құрылтай депутаттарына үндеу жасадыҚазақстанда бір палаталы Парламент
Бір күн бұрын Орталық сайлау комиссиясы бір палаталы Құрылтайдың жаңа депутаттарын тіркеді. Оларға депутат куәліктері мен төсбелгілері табысталды.
Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Оны қабылдағаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Жаңа Парламент құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.23 тамызда Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. Бұл - 1991 жылдан бері елдегі оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы сайлау.25 тамыздағы жағдай бойынша, дауыс беру қорытынды нәтижелерін мына жерден көруге болады.
Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия өтті өтті. Олардың арасында мандаттар келесідей бөлінді:

"Әділет" партиясы – 110 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат;
Respublica партиясы – 9 мандат.

Тағы оқыңыз: Жаңа адамдар мен таныс есімдер: Құрылтайдың алғашқы құрамы қандай болды?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *