Еркебұлан Тоқтар Өзбекстаннан келген әлем чемпионын нокаутқа түсірді
Оның қарсыласы поп-MMA-да өнер көрсетіп жүрген муай-тайдан әлем чемпионы, өзбекстандық Бобиржон "Испанчик" Исроилов болды.
Екінші орта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Еркебұлан Тоқтар қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы
Айта кетейік, алғашқы раундтың өзінде қос спортшы да нокдаун алып үлгерді. Жалпы жекпе-жек тартысты өтіп, бокс жанкүйерлеріне әсерлі айқас сыйлады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы
Еркебұлан Тоқтар ұзақ уақыт бойы поп-MMA додаларында өнер көрсетіп, кейін кәсіпқой жекпе-жекке ауысқан қазақстандық актер әрі спортшы. Қазіргі таңда оның рекорды – 11 жеңіс және 3 жеңіліс.
Бұған дейінгі кездесуінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен Қырғызстан өкілі Марсель Нурланбек уулына есе жіберген еді.Қазір Еркебұлан Тоқтар Қазақстандағы поп-MMA-дың ең танымал өкілдерінің бірі саналады. Оның Instagram желісіндегі парақшасына 2,3 миллион адам жазылған.Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram және Instagram.
Бізге қосылыңыз және ең маңызды жаңалықтардан хабардар болыңыз!