Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
Рәсімде аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жаңа өндіріс орны өңір экономикасына тың серпін беретінін атап өтті.
"Комбинат құрылысының басталуы – Сыр өңірі үшін тарихи оқиға. Бұл – облысымыздың индустриялық дамуына жаңа серпін, экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жоба. Осындай ауқымды әрі заманауи жобаны аймағымызда жүзеге асырған компанияға зор ризашылығымды білдіремін", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Облыс әкімі құрылыс сәтті аяқталып, ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізді жаңа инвестициялық циклге көшіру, заманауи өндірістерді іске қосу және өңірлердің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырған болатын. Бүгінгі тау-кен байыту комбинаты – осы ауқымды жұмыстардың аса маңызды бөлігі. Құрылысына 138 миллиард теңге қаралған жоба толық іске қосылғанда жылына 210 мың тонна қорғасын-мырыш шикізатын және 20 тонна күміс өндіру жоспарланған. Ең бастысы, 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгін басталып жатқан құрылыс сәтті аяқталып, мерзімінде іске қосылып, ел игілігіне қызмет ететініне сенемін", – деді Ергешбаев.
Тау-кен байыту комбинатын алдағы екі жыл ішінде салып, 2028 жылы толық аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта кен орнының минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ өндірістік жолдар салу да қолға алынып, құрылыс алаңдары анықталды. Бұдан бөлек, электр желілеріне қосылуға жоба-сметалық құжаттама әзірленді.
Суреттер: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта нысанды электр қуатымен қамтамасыз ету және электр желілеріне қосу межеленген.