Астанада Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Астанада Төле би көшесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto әкімдік сайтына сілтеме жасап.4 қыркүйектен 6 қыркүйекке дейін Бағланова көшесінен Т-6 көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Фото: Астана әкімдігі
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Астанадағы көлік қозғалысына қатысты шектеулер
1-10 қыркүйек аралығында Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.15 тамыздан жыл аяғына дейін Алматы көшесінің Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс толығымен тоқтатылды.