Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жұбайының учаскесіне үй салынған. Ажырасу кезінде жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады?

Мынадай жағдайды елестетіп көріңізші: отбасы ерлі-зайыптының біріне некеге дейін тиесілі болған жер теліміне үй салды. Мұндай жағдайда ажырасқаннан кейін баспана қалай бөлінеді? Кассациялық сот дәл осындай дауды қарады. Tengri Home істің қалай аяқталғанын баяндайды.
Ер адам жер телімін некеге тұрмас бұрын, яғни 1993 жылы алған, деп хабарлады кассациялық сот. Кейінірек, 2011 жылы ерлі-зайыпты үй салған. 2025 жылы ажырасқаннан кейін жылжымайтын мүлікті бөлу мәселесі туындаған. Бұрынғы әйелі сотқа жүгініп, зәулім үйді ортақ мүлік деп тануды және өз үлесін бөлуді талап етті.
Сот сараптамасы ауданы 231,7 шаршы метр болатын баспананың нарықтық құнын анықтады: жер телімі мен шаруашылық құрылыстарымен қоса есептегенде мүлік 158 миллион теңгеге бағаланды.

"Бірінші сатыдағы сот жер телімін жауапкер некеге тұрмас бұрын сатып алғанын негізге алып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты", - деп нақтылады кассациялық сот.

Апелляциялық сот бұл шешіммен келіспеді, өйткені неке кезінде ерлі-зайыпты үйге бірлесіп инвестиция салған. Нәтижесінде ортақ салымдар есебінен жылжымайтын мүліктің құны артқан. Ал үйді жер телімінен бөліп қарау мүмкін болмағандықтан, мұндай нысан бөлуге жататын ортақ мүлік деп саналады.
Алайда бұл шешімге кассациялық шағым түсірілді.

"Кассациялық сот апелляциялық инстанцияның қаулысын күшінде қалдырды. Үлестердің теңдігін ескере отырып, жер телімі бар үй жауапкерде (ер адамда — ред. ескертпесі) қалдырылды, ол әйелінің пайдасына 79 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді", - деп толықтырды сотта.

Өтемақы туралы мұндай шешім үйді физикалық түрде бөлу мүмкін болмағандықтан қабылданды. Жер телімі бұрынғы күйеуіне тиесілі болғандықтан, зәулім үй де соның иелігінде қалды. Бірақ ол бұрынғы әйелінің үлесі үшін өтемақы төлеуі тиіс.
ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 36-бабы ерлі-зайыптының ортақ қаражаты, мүлкі немесе еңбегі есебінен мүліктің құны айтарлықтай артқан жағдайда, жұбайлардың бірінің мүлкін ортақ бірлескен меншік деп тану мүмкіндігін қарастырады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *