Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда балаларға арналған фаст-фуд жарнамасы шектелмек

Қазақстанда балаларға арналған фаст-фуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майлардың мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Tengri Health Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жарнаманы неге шектемек?
Денсаулық сақтау министрлігі мұндай өнімдерді теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде және сыртқы жарнамада ілгерілетуді шектеуді ұсынып отырғандарын мәлімдеді. Ол үшін қолданыстағы заңға түзетулер әзірленді.
Қазіргі уақытта ведомство "ұсынылып отырған шектеулердің реттеушілік әсеріне талдау" жасауға кірісті.

"Заңнамалық бастамалардың негізгі мақсаты – балалардың тағам таңдауына маркетингтік ықпалды азайту және ерте жастан салауатты әдеттердің қалыптасуына ықпал ету. Тағам өнімдерінің жарнамасы әсіресе жарқын қаптамаға, әлеуметтік желілер мен блогерлер арқылы ілгерілетуге және басқа да маркетингтік құралдарға тез алданатын балалар мен жасөспірімдерге қатты әсер етеді", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұл шаралар өнімдерге тыйым салуға емес, балалардың осы өнімдердің жарнамасын азырақ көруіне бағытталған.
Зерттеулер не дейді?
Қазақстандық зерттеулердің мәліметінше, 6-9 жас аралығындағы әрбір төртінші баланың артық салмағы бар, ал 6 пайызына семіздік диагнозы қойылған. Бұл ретте жасөспірімдердің 17,5 пайызы аптасына кемінде бір рет энергетикалық сусындар ішеді.

"Қазақстанда дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша бірқатар шара жүзеге асырылып жатыр. 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында тағам рационындағы қант пен тұздың мөлшерін азайтуды, сондай-ақ көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерінің үлесін арттыруды көздейтін жаңа Тамақтану стандарты күшіне енеді. Өңірлерге алдын алу жұмыстарын күшейту және балалар мен ата-аналарға дұрыс тамақтану принциптері туралы ақпараттандыру тапсырылды", – деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Еске сала кетейік: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды фаст-фудтың агрессивті жарнамасынан қорғауды талап еткен болатын. Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада өткен педагогтердің Тамыз конференциясы кезінде мәлімдеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *