Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Барыс“ тағы бір аңызын ұлықтады: Старченконың нөмірі арена төбесіне ілінді

Қазақстандық аңызға айналған хоккейші Роман Старченко шілденің ортасында мансабын аяқтаған болатын. Бүгін "Барыс" арнайы салтанатты шарада оның есімін ұлықтады, - деп хабарлайды Tengri Sport.
40 жастағы хоккейшіге құрмет көрсету рәсімі Астанада өткен "Барыс" пен "Салават Юлаев" арасындағы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының матчі алдында өтті.
Роман Старченкомен бірге айдынға оның жұбайы мен балалары шықты.
Қазақстан құрамасының аңызына клуб сапында өткізген матчтер санына сәйкес 819 нөмірлі джерси табысталды.
Фото: TengriNews.kz/Әлімжан Аманжол
Осыдан кейін Роман сөз алып, жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Ең алдымен, хоккейдегі осы ұзақ жолымда демеу болған ата-анама, отбасыма, туған-туыстарыма үлкен рақмет айтқым келеді. Балалар, аздап толқып тұрмын. Әрбір жанкүйерге, мен бірге мұзайдынға шыққан әрбір ойыншыға ерекше алғыс білдіремін. Басшыларға, жаттықтырушыларға, персоналға және клубтың барлық қызметкеріне. Осының бәрі үшін сіздерге үлкен рақмет. Қазақстан Республикасы Хоккей федерациясының басшысына үлкен алғыс. Халықаралық аренада өнер көрсету және ұлттық жейдеде елімнің намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе болды. Осы тамаша уақыт үшін рақмет. Бұл менің жүрегімде мәңгі қалады. Мен қазақстандық хоккейді дамыту жолында мақтанышпен жұмысымды жалғастырамын. Алға, "Барыс"! Алға, Қазақстан!" - деді Старченко.

Айта кетейік, Роман Старченконың жейдесі 2019 жылдан бері "Барыс-Арена" төбесінде ілулі тұрған өзге жеті жейденің қатарына қосылды. Ол кезде клуб басшылығы Брэндон Боченски, Кевин Даллмэн, Виталий Еремеев, Федор Полищук, Александр Корешков, Талғат Жайлауов пен Николай Антроповқа құрмет көрсеткен болатын.
Олардың кейбіреуі - Боченски, Даллмэн, Жайлауов - аңыз ойыншыға арналған әсерлі құттықтау видеосында бой көрсетті. Осыдан кейін арена төріне Роман Старченко 2008 жылдан бері "Барыс" сапында өнер көрсеткен 48-нөмірлі жейде көтерілді.
Фото: TengriNews.kz/Әлімжан Аманжол
Роман Старченко - Қазақстаннан шыққан ҚХЛ аңызы
Роман Старченко "Барыста" 17 маусым өткізіп, бір команда құрамында ойнаған матчтер саны бойынша ҚХЛ рекордын орнатты (819). Ол лигада барлығы 871 матч өткізіп (мансабының бір бөлігінде мәскеулік "Спартакта" ойнады), 215 шайба соқты, сондай-ақ 209 нәтижелі пас берді.
Бұдан бөлек, Старченко Қазақстан құрамасы сапында 18 әлем чемпионатына (оның 10-ы – элиталық дивизионда) қатысты. Екі мәрте Азия ойындарының алтынын жеңіп алып, Азия чемпионы атанды.
Фото: TengriSport.kz/Маржан Қуандықова
Бұл ретте Старченко өзінің соңғы маусымында "Барыс" сапында небәрі тоғыз ойынға шығып, жылдың көп бөлігін "Номадта" өткізді және команданы Қазақстан лигасындағы кезекті чемпиондыққа бастап барды.
Старченко ҚХЛ-дағы соңғы матчін 2025 жылдың 27 қарашасында "Барыстың" бүгінгі қарсыласы - уфалық "Салават Юлаевқа" қарсы өткізген болатын. Ол кезде команда 4:7 есебімен есе жіберген еді.
Осы маусымда Роман Старченко "Номадтың" жаттықтырушылар штабына қосылды.
Фото: TengriNews.kz/Әлімжан Аманжол
Қазақстандық аңызға айналған чемпион мансабын аяқтайтынын жариялады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *