Жаңбыр Астанадан Алматыға ауысады: демалыс күндеріне болжам
"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 19, 20 және 21 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады: Астанада жаңбыр 19 қыркүйектен кейін тоқтаса, Алматыда керісінше күн күркіреп, екпінді жел соғып, жауын-шашын басталады. Сонымен қатар, оңтүстік мегаполисте күн +31 градусқа дейін жылынады.
Астанадағы ауа райы
19 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундсына 3-8, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +19+21 градус.
20 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +20+22 градус.
21 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +6+8 градус, күндіз +22+24 градус.
Алматыдағы ауа райы
19 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа қарай ауысады, жылдамдығы секундсына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +29+31 градус.
20 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15+17 градус, күндіз +29+31 градус.
21 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 3-8 метр, түнде екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +25+27 градус.
Қазақстанда +32 градусқа дейін ыстық болады
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы біртіндеп өзгере бастайтынын айтқан болатын: республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн күркіреп, жаңбыр жауады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.