Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ғалымдар 100 жылдан кейін мысықтардың жаңа түрін тапты

Ғалымдар 100 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет мысықтың жаңа түрін ашты. Оған Leopardus tilcayo немесе тилкайо жолбарыс мысығы деген атау берілді, деп хабарлайды Tengri Life.
"Оғаш мысық" қалайша жаңа түр болып шықты?
Осыдан он жыл бұрын биолог әрі National Geographic зерттеушісі Паула Ногалес-Аскаррунс Боливияда жұмыс істеп жүргенде, оған жергілікті жабайы жануарларды құтқару орталығынан қоңырау түскен. Онда "оғаш мысық" пайда болған екен.

@natgeo
Жаңа мысық табылды! Жабайы табиғатты қорғау аймағынан "оғаш мысық" туралы келген хабар соңғы 100 жылдан астам уақыттағы алғашқы жаңа мысық түрінің ашылуына себеп болды. Кәдімгі үй мысығынан кішірек және қабыланға ұқсас теңбілдері бар бұл түрге Leopardus tilcayo деген атау ұсынылды. Ол Боливияның Юнгас тропикалық ормандарында мекендейді және оның табиғаттағы тыныс-тіршілігі туралы мәлімет өте аз. Бұл жаңалық мысықтар тұқымдасының шежіресін қайта жазуға мәжбүр етуде. Зерттеушілер бұл әдісті әлем бойынша басқа да жаңа мысық түрлерін анықтау үшін қолдануға болады деп үміттенеді. Осы бір таңғажайып жаңалық туралы толығырақ профильдегі ???? сілтеме арқылы біле аласыз.
♬ түпнұсқа дыбыс - National Geographic

Жануарды орман маңындағы жол жиегінен марғау кезінде тауып алған жергілікті тұрғын әкелген. Ер адам оны үй мысығының ерекше тұқымы деп ойлап, үйіне асырап алған. Алайда бір жылдай уақыт өткен соң жануардың шын мәнінде жабайы екені анық байқалып, иесі оған құтқару орталығында жақсырақ болатынын түсінген.
Бүгінде бұл "оғаш мысық" ресми түрде жаңа түр - Leopardus tilcayo ретінде танылды. Жүз жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет ғалымдар мысықтар тұқымдасының жаңа заманауи түрін ресми сипаттап, оған ғылыми атау берді.
Паула Ногалес-Аскаррунс мысықты көргенде, бірден бірнеше оғаштықты байқаған. Кішкентай тұмсығы, қысқа жұмыр құлақтары, ұзын мұрттары және ең бастысы - қабыланның теңбілдеріне ұқсайтын ірі дақтары болған.
Сол кезде ғалым оны бұрыннан белгілі жолбарыс мысығының (Leopardus tigrinus) өкілі деп топшылаған. Бірақ бірнеше жылдан кейін ол маңызды бір детальға назар аударды.
2019 жылы Боливияның мысықтар тұқымдасы туралы анықтамалық әзірлеп жатқанда, Ногалес-Аскаррунс жануардың суреттерін көршілес Бразилиядағы жолбарыс мысықтарының суреттерімен салыстырған. Нәтижесінде боливиялық мысықтың жүніндегі теңбілдер айтарлықтай ірі екені анықталған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

National Geographic Society (@natgeosociety) жарияланымы


Зерттеуші өз болжамын генетикалық сараптама арқылы тексеруді жөн көрді. Бразилия мен Бельгиядан келген генетиктермен бірге ғалымдар Leopardus туысына жататын 38 өкілдің геномын зерттеді. Нәтижелер ерекше мысықтың шынымен де белгілі түрлердің ешқайсысына жатпайтынын растаған.
Ғалымдар оны ресми түрде жаңа түр ретінде сипаттап, Leopardus tilcayo деп атады. Атау кездейсоқ таңдалмаған: жергілікті тұрғындар бұл мысықты дәл осылай атайды екен. Дегенмен, олар сөздің нақты мағынасын білмейді - тек бұл атауды аталары қолданғанын айтады.
Мысықтың жаңа түрі туралы не белгілі?
Жаңа түр Боливиядағы Юнгас тропикалық ормандарын мекендейді. Бұл жабайы мысықтар үй мысықтарынан әлдеқайда кіші: ересек дарасының салмағы шамамен 1,5 келі, ал дене тұрқы құйрығымен қосқанда 75 сантиметрге жуықтайды.
Қазірше ғалымдарға ол туралы мәлімет өте аз. Олар бұл мысықтардың немен қоректенетінін, табиғи жаулары кім екенін және қалай көбейетінін әлі анықтаған жоқ. Сондай-ақ жабайы табиғатта Leopardus tilcayo-ның қанша дарасы қалғаны да белгісіз.
Генетикалық сараптама бұл түрдің басқа жолбарыс мысықтарынан шамамен 1,4 миллион жыл бұрын бөлініп шыққанын көрсетті. Яғни, бұл жануардың туыстарынан сыртқы түрі ғана өзгеше емес — оның миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан жеке эволюциялық тарихы бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Botanica Films (@botanicafilms) жарияланымы


Жабайы мысықтардың жасырын алуан түрлілігі
Бұл жаңалық тек жаңа түрдің ашылуымен ғана маңызды емес. Зерттеу ғалымдардың Leopardus туысы туралы түсінігін де өзгертті. Бұрын жолбарыс мысықтары аз ғана түрге жатады деп есептелетін. Енді зерттеушілер жолбарыс мысықтарының бес түрін анықтап отыр.
Ғалымдар мұндай жаңалықтар басқа да кішкентай жабайы мысықтарға қатысты болуы мүмкін деп болжайды. Олардың көбі жасырын өмір сүреді, сондықтан фототұзақтардың өзі әрдайым түрді дәл анықтауға мүмкіндік бере бермейді. Генетикалық сараптама сыртқы келбеттен байқалмайтын айырмашылықтарды көруге жол ашады.
Бұл жануарларды қорғау үшін де өте маңызды. Егер генетикалық тұрғыдан әртүрлі бірнеше популяцияны бір түр деп есептесе, олардың әрқайсысына төнетін қауіпті тиісті деңгейде бағаламау мүмкін. Жеке түрлерге бөлінгеннен кейін олардың саны мен популяциялық жағдайын бөлек бағалауға тура келеді.
“Бетпе-бет“: Шығыс Қазақстан тұрғындары аюмен кездесу туралы айтып берді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *