Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Зинедин Зидан Франция құрамасынан 11 футболшыны шығарды

Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін ұлттық құраманың сапына елеулі өзгеріс енгізді. АҚШ-та өткен әлем біріншілігіне қатысқан 11 футболшы Ұлттар лигасы матчтеріне арналған тізімге енбей қалды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
54 жастағы бапкер ӘЧ-2026-дан кейін Дидье Дешамның орнына келіп, команда тізгінін ұстады. Ол тағайындалғаннан кейін құрамда осы жаздағы әлем біріншілігіне қатысқан 15 футболшы ғана қалды.
Өз орындарын сақтап қалғандар: қақпашылар Майк Меньян ("Милан") және Робен Риссер ("Ланс"), қорғаушылар Жюль Кунде ("Барселона"), Ибраима Конате ("Реал Мадрид"), Максанс Лакруа ("Челси") және Дайо Упамекано ("Бавария"), жартылай қорғаушылар Райан Шерки ("Манчестер Сити"), Ману Коне ("Рома"), Адриен Рабьо ("Милан") және Уоррен Заир-Эмери (ПСЖ), сондай-ақ шабуылшылар Брэдли Барколя ("Ливерпуль"), Усман Дембеле, Дезире Дуэ (екеуі де - ПСЖ), Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид") және Майкл Олисе ("Бавария").
Сонымен қатар, Зидан тізімге сегіз жаңа ойыншыны қосты. Олар: қақпашы Гийом Рест ("Тулуза"), қорғаушылар Анди Диуф ("Интер"), Жереми Жаке ("Ливерпуль"), Пьер Калулу ("Ювентус") және Адриен Трюффер ("Борнмут"), жартылай қорғаушылар Эдуарду Камавинга ("Реал") және Люка Да Кунья ("Комо"), сондай-ақ, шабуылшы Эстебан Леполь ("Ренн").












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Equipe de France de Football (@equipedefrance) жариялаған жазба


Жаңа бапкер 11 ойыншыны құрамнан шығарды: қақпашы Брис Самба ("Ренн"), қорғаушылар Мало Гюсто ("Челси"), Вильям Салиба ("Арсенал"), Люка Эрнандес, Люка Динь (екеуі де - ПСЖ) және Тео Эрнандес ("Аль-Хиляль"), жартылай қорғаушылар Орельен Чуамени ("Реал Мадрид") және Н'Голо Канте ("Фенербахче"), сондай-ақ, шабуылшылар Манес Аклиуш (ПСЖ), Маркус Тюрам ("Интер") және Жан-Филипп Матета ("Кристал Пэлас").
Францияның Ұлттар лигасындағы матчтері
Зидан Франция құрамасының басындағы алғашқы матчін 25 қыркүйекте өткізеді - оның командасы сырт алаңда Түркиямен кездеседі.
25 қыркүйек: Түркия - Франция;28 қыркүйек: Бельгия - Франция;2 қазан: Франция - Италия;5 қазан: Франция - Бельгия;12 қараша: Италия - Франция;15 қараша: Франция - Түркия.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Equipe de France de Football (@equipedefrance) жариялаған жазба

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *