Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

2026 жылы Қазақстанда 188 мың пәтер пайдалануға беріледі - қай өңірде көп салынып жатыр?

2025 жылы елдегі тұрғын үй қорының жалпы аумағы 447,3 миллион шаршы метрге жетті. 2020–2025 жылдар аралығындағы бес жылда жаңадан салынған үйлер есебінен тұрғын үй көлемі шамамен 20 пайызға, яғни 74 миллион шаршы метрге артқан. Соған қарамастан, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі әлі де жеткіліксіз. Бұл мәселе қай өңірлерде қатты сезіледі, ал қай жерде жағдай біршама жақсы?Қазақстанда тұрғын үй ең көп қай жерде салынып жатыр?2025 жылдың қорытындысына сүйенсек, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша республикалық маңызы бар қалалар көш бастады:

Астана - 4,8 миллион шаршы метр;
Алматы - 2,6 миллион шаршы метр;
Шымкент - 1,4 миллион шаршы метр.

2026 жылы ел бойынша 20,4 миллион шаршы метр тұрғын үй, яғни 188 мың пәтер салу жоспарланған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Биылдың алғашқы сегіз айында 11,3 миллион шаршы метр немесе 105,9 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл - жылдық жоспардың 55,3 пайызы.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, биылғы сегіз айда тұрғын үй құрылысы ең қарқынды жүрген өңірлер:

Астана - 2,7 миллион шаршы метр;
Алматы - 1,8 миллион шаршы метр;
Алматы облысы - 0,9 миллион шаршы метр.

Бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үй тиесілі?2025 жылы Қазақстанда бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамту көрсеткіші 25,1 шаршы метр болды:

қала тұрғындарына - 27,4 шаршы метр;ауыл тұрғындарына - 21,3 шаршы метр.

Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 0,6 шаршы метрге артқан.Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрғандар қай өңірде көп?
Биылдың алғашқы сегіз айындағы мәлімет бойынша, елде 989 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Осы уақыт аралығында 12,7 мың қазақстандық баспанамен қамтылған. Министрлік өкілдері бұл көрсеткіштер тұрғындардың баспанаға деген сұранысы әлі де жоғары екенін атап өтті. Тұрғын үй кезегінде тұрғандар ең көп тіркелген өңірлер:

Түркістан облысы - 110,5 мың адам;
Шымкент - 88,4 мың адам;
Алматы - 77,4 мың адам;
Алматы облысы - 68,8 мың адам;
Астана - 68,5 мың адам.

Алматы, Астана және Шымкентте жеңілдетілген шартпен баспана алуды 234 мыңнан астам қала тұрғыны күтіп жүр. Биылғы сегіз айда Алматыда - 1064, Астанада - 434, Шымкентте 1501 адам баспанамен қамтылған.
Ал тұрғын үйге мұқтаждар саны ең аз өңірлер:

Ұлытау облысы - 8 мыңға жуық адам;
Солтүстік Қазақстан облысы - 25,9 мың адам;
Шығыс Қазақстан облысы - 26,8 мың адам.

Тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны салыстырмалы түрде аз тағы екі өңір бар. Абай облысында 31,4 мың қазақстандық баспана кезегінде тұрса, Ақмола облысында 31,8 мың адам тұрғын үй алуды күтіп жүр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *