Астанада күн салқындаса, Алматыда жылы болады: үш күнге арналған болжам
"Қазгидромет" Астана мен Алматы қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 22, 23 және 24 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада күн біртіндеп суытса, Алматыда жылы ауа райы сақталады. Елордада температура +18+20 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік мегаполисте +27 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.
Астанадағы ауа райы
22 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +6+8 градус, күндіз +20+22 градус.
23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +9+11 градус, күндіз +18+20 градус.
24 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +6+8 градус, күндіз +18+20 градус.
Алматыдағы ауа райы
22 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, түнде екпіні секундына 12 метр. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +25+27 градус.
23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +25+27 градус.
24 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +23+25 градус.
Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Бұған дейін синоптиктер жаңа аптаның басында Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронтальды бөліктер өтетінін хабарлаған болатын. Олар найзағай ойнап, жаңбыр әкеледі. Сонымен қатар температуралық фон жылдың осы мезгілі үшін қолайлы болып қалады. Ауа райының егжей-тегжейлі болжамы осы жерден оқыңыз.