Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БҰҰ-да ЖИ талқыланды: компания басшылары қауіптерді ескертті

Жасанды интеллект саласындағы әлемдік жетекші компаниялар сәрсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ЖИ-дің адамзатқа төндіретін қауіптері туралы ескертіп, үкіметтерді барған сайын қуаттанып жатқан бұл технологияны басқаруда ынтымақтастыққа шақырды, деп хабарлайды Tengri Life Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Anthropic бас директоры Дарио Амодей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында дұрыс басқарылмаған жағдайда "жасанды интеллект бүкіл адамзат үшін қауіп төндіруі мүмкін" екенін мәлімдеді. Кездесуді БҰҰ-ның 81-ші Бас Ассамблеясы аясында ЖИ жүйелері өздігінен жетіліп, бақылаудан шығып кетуі мүмкін деген қауіптерге байланысты Франция шақыртты.

"Осында отырған адамдардың арасындағы барлық келіспеушілікке қарамастан, біз алдымыздан шыққан осынау жаһандық мүмкіндік пен жаһандық қатерге қарсы тұру үшін ол айырмашылықтарды жиып қоюымыз керек. Бірде-бір көшбасшы, бірде-бір компания немесе бірде-бір ел мұнымен жалғыз күресе алмайды", - деді Амодей.

Hugging Face негізін қалаушы Клеман Деланг Қауіпсіздік кеңесіне киберқорғаныс саласындағы ЖИ құралдарының рөлі туралы айтып, бұған дейін OpenAI-дың ЖИ агенттері "сынақ ортасынан шығып кетіп", компания инфрақұрылымын бұзғанын еске салды.

"Бізге жасанды интеллект шабуыл жасады, бірақ ең бастысы, біз ЖИ көмегімен қорғандық", - деп мәлімдеді ол.

OpenAI бас директоры Сэм Альтман халықаралық ынтымақтастықты жақтады.

"Егер жасанды интеллект демократиялық сипатта болуы керек болса, онда ең маңызды шешімдерді тек Сан-Францискодағы зертханалар ғана қабылдамауы тиіс. Олар демократиялық процестер аясында және өздері қызмет ететін халық алдында есеп беретін үкіметтер тарапынан қалыптасуы керек", - деді ол.

Бүкіл әлем үкіметтері ЖИ дамуымен қатар жүруге тырысып жатыр: АҚШ пен Қытай қадағалаудың түрлі модельдерін таңдап отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп елге ЖИ үшін жаңа арнайы ережелердің қажеті жоқ екенін айтса, Қытай алгоритмдер мен деректер үшін нормалар, соның ішінде ЖИ жасаған контентті міндетті түрде таңбалауды енгізді.
АҚШ президенті Трамп Бас Ассамблеяда ЖИ-ге "жаһандық бақылау схемасын жасаудың кез келген әрекетін жоққа шығаратынын" айтып, технологияны "ғажайып" деп атады, бірақ АҚШ-тың сақтық танытатынын атап өтті.
Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Фу Цун нормаларды жетілдіруге және трансшекаралық ынтымақтастыққа шақырды.

"Халықаралық қауымдастық тығыз жұмыс істеуге, даму мен қауіпсіздікке бірдей мән беруге және ЖИ дамуын адамзат игілігі үшін оң мақсаттарға бағыттауға міндетті", - деді ол.

ЖИ-ді жаһандық реттеуді бұрыннан жақтап келе жатқан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш технологиялардың жедел дамуының қатерлері туралы ескертті.
Қауіпсіздік кеңесі ЖИ қатерлерін алғаш рет 2023 жылы талқылаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *