Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ ұлыбританиялық базадан бомбалаушы ұшақтарды шұғыл түрде шығарып жатыр - БАҚ

АҚШ Әскери-әуе күштері Иранға соққы жасау үшін пайдаланылған Ұлыбритания Корольдік Әскери-әуе күштерінің Фэрфорд әуебазасында орналасқан барлық бомбалаушы ұшақтарын елге қайтарды. Бұл шешім аталған базада теракт дайындау ықтималдығына қатысты тергеу аясында қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz NBC News телеарнасына сілтеме жасап.
Пентагон өкілі телеарнаға бұған дейін әуебазаға жеткізілген барлық бомбалаушы ұшақтың "Америка Құрама Штаттарындағы тұрақты орналасу пункттеріне оралғанын" хабарлады.

"B-1, B-2 және B-52 ұшақтарын қоса алғанда, америкалық бомбалаушы авиацияның жұмысын қамтамасыз ететін әскери қызметшілер әлемнің кез келген нүктесіндегі нысандарға кез келген уақытта жоғары дәлдікпен соққы жасауға, соның ішінде АҚШ-тың континенттік бөлігінен ұшып шығып, кейін өз базаларына оралу арқылы жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын", - деді ведомство өкілі.

Пентагонның екі өкілінің хабарлауынша, шұғыл шығару барысында кемінде 12 бомбалаушы ұшақ, соның ішінде жоспарлы ротация аясында базаға жақында ғана келген бірнеше ұшақ әкетілді.
Сонымен қатар The New York Times басылымы Фэрфорд әуебазасына төнген жаңа қауіптер туралы жазды. Газеттің мәліметінше, бұл қауіптер базаға жасалуы мүмкін шабуыл жоспарына қатысты болған, ал америкалық шенеуніктердің нұсқасы бойынша, бұл жоспарға Иран қолдау көрсеткен.
Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғыстағы әрекеттердің бұдан былайғы нұсқаларын, соның ішінде жаңа соққылар жасауды қарастырып жатыр. Сенбі күні америкалық лидер Вашингтонның Тегеранға қатысты шешімдерді әлі де қабылдауы тиіс екенін мәлімдеді. Жалғыз мәселе - мұның бәрі қалай өрбитіндігінде: жақсы жолмен бе әлде жаман жолмен бе, деп қосты ол.
Өткен аптада Лондон орталығында теракт дайындады деген күдікпен Ұлыбритания мен Иранның қос азаматтығы бар ер адам ұсталды. Бұл ұстау шарасы қыркүйек айының Фэрфорд әуебазасындағы қауіпсіздікке қатысты оқиғадан кейін болған. Тергеу аясында барлығы алты адам ұсталды. Кейінірек олардың барлығы кепілмен босатылды.
Британ билігі болған оқиғаны Тегеранмен байланыстырды. Иран бұл іске қатысы барын жоққа шығарып отыр.
Лондоннан батысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Фэрфорд әуеабазасын америкалық бомбалаушы ұшақтар ондаған жылдар бойы Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар кезінде пайдаланып келген.
Террорлық шабуылға дайындалды деген күдіктілер босатылды: Трамп Ұлыбританияны сынады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *