Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда ипотеканы қайта қаржыландыру мерзімі бір жылға ұзартылды. Өтінімді кімдер бере алады?

Проблемалы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын пайдаланып үлгермеген қазақстандықтар үшін мерзім тағы бір жылға - 2027 жылдың қыркүйегіне дейін ұзартылды. Сонымен қатар несиені жақында ғана, яғни 2021-2024 жылдары алғандар да көмекке иек арта алады, бірақ бұл тек халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты. Бағдарламаға тағы қандай түзетулер енгізілгені туралы Tengri Home шолуында.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізетін қаулыны жариялады.
Анықтама: Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы 2015 жылы ипотека алған, оның ішінде шетел валютасында несиесі бар қазақстандықтарға міндеттемелерін орындауға көмектесу мақсатында қабылданған болатын. Банктерге "ұзақ әрі арзан" қаражат бөлінді, соның есебінен қарыз алушылар несиелерін ұлттық валютада төмен пайызбен қайта қаржыландырып, жалғыз баспанасынан айырылып қалмау мүмкіндігіне ие болды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінді. Бастапқыда бағдарлама 2004-2009 жылдар аралығындағы тұрғын үй қарыздарына, сондай-ақ 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін доллармен берілген несиелерге арналған еді, бірақ кейіннен бағдарлама аясы кеңейтіліп, оған "жаңа" ипотекалар да қосылды.
Проблемалы ипотекаларды қайта қаржыландыру бағдарламасына кімдер қатыса алады?
Бағдарламаға 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында ипотека алған қарыз алушылар қосылды. Олар үшін 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша келесідей шарттар белгіленген:

қарыз алушы халықтың әлеуметтік осал топтарына (ӘОТ) жатуы немесе белгілі бір ауруы болуы тиіс;
тұрғын үй қарыз алушының немесе оның жұбайының/зайыбының жалғыз баспанасы болуы керек;
тұрғын үй қарызы бойынша мерзімі өткен берешек 180 күнтізбелік күннен асуы тиіс;
негізгі борыштың қалдығы 50 миллион теңгеден аспауы керек;
табыс деңгейі несиені қазіргі шарттармен өтеуге мүмкіндік бермеуі қажет.

Бос қаражат лимиті болған жағдайда, комиссия олардың өтініштерін қарауға құқылы. Бұл ретте бағдарламаға мыналар қатыспайды:

заңды тұлғалардың қарыздары;
мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар бойынша алынған қарыздар;
алаяқтықпен байланысты қарыздар (заңды күшіне енген сот актісі болса).

Сонымен қатар ескі қарыздарды (2004–2009 және 2010–2016 жылдар) қайта қаржыландырудың негізгі шарттары өзгеріссіз қалды.
Проблемалы ипотекаларды қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысуға өтінішті қашанға дейін беруге болады?
Түзетулер бағдарламаның қолданылу мерзімін бір жылға ұзартты:

Қосымша көмек көрсету - 2026 жылғы 1 қыркүйектен 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.
Қосымша көмекке өтініштер қабылдау - 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2027 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.
Шарттарды жақсартуға / қаржыландыруға / жалға беруге өтініштер - 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2027 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.


"Қазақстан тұрғын үй компаниясына (ҚТК) 2021 жылғы 1 желтоқсаннан 2027 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде өтініш берген қарыз алушыларға, сондай-ақ қарыздары бойынша комиссияның қосымша көмек көрсету туралы ұсынысы/шешімі бар тұлғаларға 2027 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғанда қосымша көмек көрсетуге жол беріледі", - делінген ҚНРДА қаулысында.

Қалған түзетулер банктер мен бағдарламаның басқа да қатысушыларының ішкі рәсімдеріне қатысты. Олар тікелей қарыз алушыларға қатысты емес.
Тағы оқыңыз:
“Ұмай“ ипотекасына өтініш не себепті қабылданбауы мүмкін және оған қалай дайындалу керек? Онлайн-калькулятор

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *