Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Тарихтағы үздікпін“: Криштиану Роналдудың сұхбаты жанжал фонында кеңінен тарап жатыр

Португалиялық БАҚ Криштиану Роналдудың осыдан бір жыл бұрын берген сұхбатын жариялады. Онда ол өзін футбол тарихындағы үздік ойыншы деп санайтынын айтқан. Бұл үзінді форвардтың ұлттық құрамадағы дау-дамайына байланысты айтылған сын фонында жарияланды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Жарияланған үзіндіде Роналду мен журналист арасында мынадай диалог өрбиді:
- Олар менің қазіргі сәтімді, голдарымды бағаламайды, түсінесің бе? Үнемі: "85 қалды…" дей береді, - дейді Криштиану.
- Бірақ меніңше, олар сені пір тұтқандықтан, сені жақсы көргендіктен солай істейді. Яғни, олар сенің мыңыншы голыңды соққаныңды қатты қалайтыны сонша, қазірден бастап кері санақ жүргізіп жатыр.

"Бірақ маған бұл ұнамайды. Ұнамайды. Бәрі өздігінен болуы керек. Егер мен 920, 925 немесе 930 гол соқсам… Мен тарихтағы үздік ойыншымын. Нүкте. Мұнда тіпті талқылайтын ештеңе жоқ…", - дейді португалиялық.

- Сен тарихтағы үздіксің. Гол саны бойынша. Цифрлар бәрін айтып тұр. Цифрлар. Мыңыншы голға дейін жетіп, сол межені бағындыру керек пе? Бұл - мақсат. Оған жетемін деп ойлайсың ба?
- Білмеймін, бірақ саған шынымды айтайын…
- Сен оған жетуің керек. Мен осы сұрақпен сенің мезіңді шығардым. Сен міндеттісің!
- Мүмкін… Бірақ мен саған мынаны айтайын. Мен тым алыс болашақты ойламаймын. Балаларыммен ант етейін. Мен осы сәт туралы, қазіргі уақыт туралы ойлаймын. Ертең не болатынын білмеймін ғой. Егер бір күні таңертең ынтасыз оянсам, онда ары қарай ойнағым келмейді.

Cristiano Ronaldo: "O melhor da história sou eu, ponto final. Os números falam por si" https://t.co/eKqLUU0a8u
- CNN Portugal (@cnnportugal) October 11, 2026
Айта кетейік, бұған дейін Криштиану әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, Португалия құрамасының жаттықтырушысымен мәтінді келісіп алғанын, онда бапкер Роналдуды Пеле мен Марадона сияқты ұлы ойыншы деп атауы тиіс болғанын мойындаған. Нәтижесінде Жезуш журналистер алдына басқа сөздермен шығып, 41 жастағы шабуылшы команда лагерінен кетіп қалған болатын.
Роналду - соғылған голдар саны бойынша рекордшы
Ресми түрде Криштиану Роналдудікі дұрыс - ол футбол тарихында мансабында 900 голдан астам межені бағындырған алғашқы футболшы атанды, ал қазір оның еншісінде 980 соғылған гол бар.
Дегенмен, Роналду ешқашан әлем чемпионатын жеңіп көрген емес, сонымен қатар ол аргентиналық Лионель Мессиден трофейлер саны мен "Алтын доптар" саны бойынша артта қалып келеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы


Роналду даудан кейін алғашқы голын соқты: рекордқа қанша қалды?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *