Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Дағыстанға 2-3 жылға жіберу керек“: Ислам Махачев UFC чемпионын келемеждеді

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев жартылай жеңіл дивизиондағы промоушен белбеуінің иегері Александр Волкановскиді келемеждеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
UFC-дің аустралиялық чемпионы жанкүйерлерімен ерекше бейнесін бөлісті. Әдетте Александр Волкановски басын тақырлап алып жүреді, бірақ бұл жолы ол әлеуметтік желіде Street Fighter фильмінің түсірілімінен ақшыл парик киген суреті мен видеосын жариялады.

"Тақырбас Қасқыр ма, әлде аққұба Қасқыр ма? Кімді таңдайсыз?" - деп жазды Волкановски.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Alexander Volkanovski (@alexvolkanovski) жариялаған жазба


Жазбаның пікір бөлімінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев қысқа, бірақ көпшілікке таныс: "2-3" деген пікір қалдырды.
Оның бұл жауабы Исламның "Дағыстанға 2–3 жылға жіберіп, ұмыту керек" деген әйгілі сөзін білдірсе керек. Файтер бұл әзілді сұхбаттарында бірнеше рет айтқан және ол MMA жанкүйерлері арасында баяғыдан мемге айналған.
Скриншот: instagram.com
"2-3 years Dagestan" мемі қайдан шықты?
Бұл тіркесті Хабиб Нурмагомедов емес, оның шәкірті әрі жақын досы, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев айтқан. 2024 жылдың мамырында Даниэль Кормьеге берген сұхбатында ол ұлының күрес деңгейін көтергісі келсе, баланы Дағыстанға 2-3 жылға жіберу керек екенін айтқан болатын.

"Егер ұлыңның жоғары деңгейлі палуан болғанын қаласаң – оны Дағыстанға 2–3 жылға жібер де, ұмыт", - деді Махачев.


Әңгіме бүкіл чемпиондар шоғырын тәрбиелеп шығарған Дағыстанның қатал күрес және самбо мектебі туралы болды. Бұл үзінді тез арада интернет-мемге айналды.
2025 жылдан бастап ол TikTok пен Instagram желілерінде "нәзік" саналатындарға арналған әзіл-шыны аралас "ұсыныс" ретінде қолданылып келеді.

@farec30 Оны 2-3 жылға Дағыстанға жібер де, ұмыт #trending #core #dagestan #fyp #viralvideos ♬ түпнұсқа дыбыс - FRX

UFC чемпионы мансабын аяқтап, боксқа ауысу туралы шешім қабылдады
Чимаев титулдық жекпе-жек үшін UFC чемпионына миллион доллар төлемек

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *