Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Pitbullshop дүкені және екі мың жасырын орын: Астанада қылмыстық топ мүшелері сотталды

Астанада Pitbullshop Telegram-дүкені арқылы есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) бес мүшесі сотталды. Полиция мәліметінше, топ жұмыс істеген уақыт ішінде екі мыңға жуық жасырын орын дайындаған, ал заңсыз саудадан түскен айналым 90 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Pitbullshop қалай жұмыс істеді?
Полицияның ақпараты бойынша, топ мүшелері әртүрлі міндетті атқарған. 35 жастағы ұйымдастырушы қылмыстық әрекетке жетекшілік етіп, жеткізілімдер мен қаржы ағынын бақылап отырған. 26 жастағы қатысушы оператор болып жұмыс істеп, интернет-дүкенді ілгерілетумен айналысқан.
Тағы екі ер адам есірткіні өлшеп-орауға және жасырын орындарды дайындауға жауапты болған. Бесінші қатысушы бөлшек саудамен айналысып, жаңа курьерлерді тартқан.
Қанша есірткі тәркіленді?
ҰҚТ мүшелері 2025 жылдың жазында ұсталды. Жедел іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары 165 грамнан астам марихуана мен каннабис шайырын тауып, тәркіледі.
Сондай-ақ орау материалдары, электронды таразылар, банктік карталар, ақша және тергеу нұсқасы бойынша қылмыстық әрекетте пайдаланылған басқа да заттар алынды.
ҰҚТ мүшелері қандай жаза алды?
Сот бес айыпталушыны да кінәлі деп таныды. Ұйымдастырушы 17 жылға, ал қалған қатысушылардың әрқайсысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейден Қазақстан азаматы экстрадицияланған болатын. Тергеу барысында күдікті Алматы мен Қазақстанның басқа аймақтарында мефедрон өндірумен және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткені анықталды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *