Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы РФММ-дегі жаппай улану: оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді

Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) Алматыдағы филиалының оқушылары балалардың жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға жатқызылуына байланысты уақытша қашықтан оқыту форматына көшті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында 14-16 қазан аралығында оқу сабақтары онлайн форматта өтеді.

"Интернатта қалған оқушылар ата-аналарына немесе жақын туыстарына тапсырылады", - деп мәлімдеді мектеп.

РФММ өкілдері санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мектеп пен интернатқа тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алғанын атап өтті. Ғимараттарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

"Интернат пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Жағдай мектеп әкімшілігі мен тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында", - деп хабарлады мектеп.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы РФММ-нің 50-ге жуық оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскенің хабарланды.
14 қазандағы жағдай бойынша 48 оқушы ауруханаға жатқызылды. Олар қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық ем алып жатыр. Тағы 6 оқушы интернаттың медициналық изоляторына орналастырылып, дәрігерлердің бақылауында отыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *