Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Таза Қазақстан“ бастамасы аясында Бөрлі ауданында “Эко Battle: қазақша Quiz“ өтті

"Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында Бөрлі ауданында жастардың экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруға бағытталған "Эко Battle" жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында жастар арасында қазақша Quiz интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты - жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау дағдыларын дамыту және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар қатысушылардың зияткерлік қабілетін шыңдап, экологиялық мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру көзделді.

Интеллектуалды ойын алты турдан тұрды. Сайысқа ауданның сегіз командасынан 40 белсенді жас қатысып, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және экологиялық қауіпсіздік тақырыптары бойынша білімдерін сынады. Қатысушылар өзара білім мен тапқырлықта бәсекеге түсіп, командалық жұмыс пен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті.
Суреттер: БҚО әкімдігі
Бөрлі аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ басшысы Ардақ Сәкенқызы экологиялық айлық аясында сенбіліктермен қатар, жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған интеллектуалды іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

"Экологиялық мәдениет тек тазалық сақтаумен немесе сенбілікке қатысумен шектелмейді. Ол ең алдымен адамның табиғатқа деген жауапкершілігінен, күнделікті өмірде қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауынан көрінеді. Сондықтан экологиялық айлық аясында дәстүрлі сенбіліктерден бөлек, жастардың білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейтетін интеллектуалды сайыс ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұндай бастамалар жастардың экологиялық мәселелерге қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғауға қатысты саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді", – деді Ардақ Сәкенқызы.

Шара соңында белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *