Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда зейнетақыны рәсімдеу ережелері өзгереді: нені білу керек?

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидалары өзгереді. Енді құжаттардан қате табылған жағдайда, өтініш берушілерге оларды түзетуге қосымша уақыт беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Өзгерістер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 6 қазандағы бұйрығында қарастырылған.
Бірнеше зейнетақы төлеміне бір өтініш
Жаңа қағидаларға сәйкес, зейнет жасына жеткен қазақстандықтар өз қалауы бойынша төлемнің үш түріне бірден бір өтініш бере алады:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) берілетін зейнетақы төлемдері;мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;жасына байланысты зейнетақы төлемдері.

Мұндай тәртіп композиттік қызмет деп аталады және бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті рәсімдеуге мүмкіндік береді.Құжаттардан қате табылса не болады?Өзгерістердің бірі құжаттарды қабылдау тәртібіне қатысты. Егер маман ұсынылған құжаттардан қателерді, дәлсіздіктерді немесе сәйкессіздіктерді анықтаса, өтінішті "цифрлық күту парағы" арқылы қабылдай алады.Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы хабарлама беріліп, кемшіліктерді жоюға уақыт бөлінеді.
Мерзімдері төмендегідей болады:

10 жұмыс күніне дейін - жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде;8 жұмыс күніне дейін - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде.

Бұл ретте қателерді түзетуге берілген уақыт мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Егер азамат кемшіліктерді уақытында жойса, өтініш берілген күн ретінде оның алғаш жүгінген күні есептеледі. Осыдан кейін құжаттарды қарау қайта басталады.
Ал егер өтініш беруші белгіленген мерзімде қателерді түзетпесе, оған құжаттарды қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.
Сонымен қатар қағидаларда бас тартудың басқа да негіздері сақталады, оның ішінде зейнетақы алу құқығының болмауы, құжаттар топтамасының толық еместігі немесе дербес деректердің сәйкес келмеуі бар.Өтініштер қанша уақыт қаралады?Қағидаларға сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі - 10 жұмыс күні, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша - 8 жұмыс күні.
Бұл ретте уәкілетті орган шешімді істің электрондық макеті түскеннен кейін қабылдайды:

жасына байланысты зейнетақы төлемдері бойынша - 5 жұмыс күні ішінде;мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша - 4 жұмыс күні ішінде.

Зейнетақы тағайындау тәртібіндегі өзгерістер 2026 жылғы 24 қазаннан бастап күшіне енеді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы индекстеледі: бюджеттен қанша қаражат бөлінеді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *