Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Автосалон менеджері құны 70 млн теңгеге жуық көліктерді сатып, түскен табысты қалтасына басқан

Астанада автосалон менеджері ондаған миллион теңгенің көлігін кассадан тыс сатып жіберген, деп хабарлайды Tengri Auto.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, сотталушы автодилерлік ұйымның сату бөлімінде менеджер болып жұмыс істеген. Ол құжаттарды қолдан жасау арқылы 8 дана JAC J7 автокөлігін заңсыз шығарып, сатып жіберген. Олардың жалпы құны - 53,1 миллион теңге. Сатылымнан түскен ақшаны кәсіпорын кассасына өткізбеген.

Биыл қаңтарда ол Б. есімді азаматқа дәл осындай үш көлікті төмендетілген бағамен сатып алуды ұсынған. Бұл ретте ол міндеттемелерін орындауды жоспарламаған. Сатып алушы оған 16,5 миллион теңге төлеген, бірақ көліктерді ала алмаған.

Сотталушы ақшаны өз қалауынша жұмсаған. Жалпы шығын көлемі 69,6 миллион теңге болды.

Сот шешімі

Сот бірінші эпизодты сеніп тапсырылған мүлікті иемденуден алаяқтыққа қайта саралады. Сот көліктер сотталушыға сеніп тапсырылмағанын анықтады: ол көліктердің сақталуына жауап бермеген және оларды өз бетінше сатуға немесе сатып алушыларға беруге құқығы болмаған.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының өкінгенін, кішкентай баласы барын және бұрын сотталмағанын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Қылмыстар жиынтығы бойынша ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған коммерциялық ұйымдарда тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты лауазымдарды атқаруға сегіз жылға тыйым салынды.

Сот жәбірленушілердің азаматтық талап арыздарын қанағаттандырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін автосалон директоры астаналықтарды алдап, 128 миллион теңге алғаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: “Салонда тұрған клиенттердің көлігін сатқан“: Таразда менеджер 334 миллион теңгені қолды қылды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *