Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджановқа жаңа үкім шықты

Алматыда қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов пен іс бойынша тағы бес айыпталушыға жаңа үкім шықты. Бірінші үкімнің күші жойылғаннан кейін сот істі қайта қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сот қандай үкім шығарды?
Сот Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановты мына баптар бойынша кінәлі деп таныды:

аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа жәрдемдесу (ҚК 28-бабының 5-бөлігі арқылы 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру;
ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру.

Қылмыстар жиынтығы бойынша Ахмеджанов 9 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеді. Сондай-ақ сот оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салды. Бұған дейін прокурор оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Анықтама: Жаза мерзіміне оның 2023 жылдың шілдесінен бастап қамауда болған уақыты, қамаудағы бір жарым күні бас бостандығынан айырудың бір күніне теңестіріле отырып есептеледі. Бұл ретте бұрынғы 11 жылдық мерзім жеке есепке алынбайды, себебі ол үкімнің күші жойылған.
Іс бойынша басқа айыпталушыларға қандай жаза тағайындалды?
Ардақ Самамбетов – Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысын сот екі бап бойынша кінәлі деп таныды:

аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа жәрдемдесу (ҚК 28-бабының 5-бөлігі арқылы 190-бабы 4-бөлігіның 2-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру;
ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) – 3 жылға бас бостандығынан айыру.

Қылмыстар жиынтығы бойынша Самамбетов 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді және оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Бұған дейін прокурор 9 жыл сұраған.
Судья Бақытжан Бәкірбаев үкімді жариялап жатыр / Фото: Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Ерлан Жармұханбетовке – жерге орналастыру бөлімінің бұрынғы басшысын сот келесі баптар бойынша кінәлі деп таныды:

лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жәрдемдесу (ҚК 28-бабының 5-бөлігі арқылы 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) – 4 жылға бас бостандығынан айыру;
аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі арқылы 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру;
аса ірі мөлшердегі алаяқтық (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) – 6 жылға бас бостандығынан айыру;
ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) – 5 жылға бас бостандығынан айыру;
аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі арқылы 366-бабының 4-бөлігі) – 10 жылға бас бостандығынан айыру.

Қылмыстар жиынтығы бойынша сот Жармұханбетовті 13 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Прокурор да оған 13 жыл сұраған болатын.
Судья Бақытжан Бәкірбаев / Фото: Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Алмасхан Бәкіров – бағалау компаниясының директорын сот келесі баптар бойынша кінәлі деп таныды:

аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа оқталу – 4 жылға бас бостандығынан айыру;
аса ірі мөлшердегі алаяқтық – 4 жылға бас бостандығынан айыру;
лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жәрдемдесу – 3 жылға бас бостандығынан айыру;
аса ірі мөлшерде пара алуға оқталуға жәрдемдесу – 5 жылға бас бостандығынан айыру.

Қылмыстар жиынтығы бойынша Бәкіров 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Прокурор 8 жыл 5 ай сұраған.
Мұханбеталы Шалқарбеков пен Берік Өскембаевты сот ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша кінәлі деп таныды. Бастапқыда әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кейін Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық бойынша жаза мерзімі бестен бір бөлікке – 4 жылға дейін қысқартылды.
"Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес, тағайындалған жаза шартты деп есептелсін және бас бостандығынан айырудың барлық мерзіміне олардың үстінен пробациялық бақылау орнатылсын", – деді судья.
Неге іс қайта қаралып жатыр?
Бұл Ахмеджанов пен басқа да фигуранттардың ісі бойынша екінші сот талқылауы.
Анықтама: 2025 жылғы 17 ақпанда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алты сотталушы да кінәлі деп таныған болатын. Ол кезде Ахмеджанов 11 жылға бас бостандығынан айырылған.
Алайда 2026 жылғы 25 ақпанда апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың 2025 жылғы 17 ақпандағы үкімінің күшін жойды. Бұған сот тергеуінің толық болмауы және процессуалдық кемшіліктер себеп болды.
Сондай-ақ алқа бірінші сатыдағы соттың Алматы әкімінің атына сотталғандардан 6 миллиард 404 миллион теңгеден аса соманы өндіру туралы азаматтық талап арыз қозғау жөніндегі жеке қаулысының күшін жойды.
Іс жаңа айыптау актісін жасау үшін прокуратураға қайтарылды, содан кейін ол қайта сотқа жолданды. Бұл процесс 2026 жылғы сәуірде басталды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *